Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы                       № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
  2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
  3. Ішкі әкімшілендіру департаменті осы бұйрықты Комиссия мүшелерінің назарына жеткізсін.
  4. Осы бұйрықты орындалуын бақылау Аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                        С. Жұманғарин

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және

дамыту агенттігі төрағасының

      2020 жылғы «     »                

№      бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы

 

 

Ахметжанов Саян Кылышевич

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысы, Комиссия төрағасы

 

Альжан Ерлан Ибрагимулы

 

Тергеп-тексерулер департаментінің директоры

Искаков Арсен Бейсембаевич

 

Стратегиялық талдау департаментінің директоры

 

Абсаттарова Маржан Несипбековна

 

Отын-энергетика кешені департаментінің директоры

 

Нурмаганбетова

Асемгуль Жумабаевна

 

Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен департаментінің директоры

 

Кайрбаева Акжан Токтарханкызы

 

Көлік және байланыс департаменті директорының міндетін атқарушы

 

 

 

 

Тюлюбеков Алибек Дулатович

 

 

 

 

 

Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы

Адикова Жанар Асылхановна

 

Қаржы нарықтары және өзге салалар департаменті директорының міндетін атқарушы

 

Ортакбаева Асель Бактияровна

 

Биржалық бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы

 

Баймаканова Аида Турагуловна

 

Экономикалық интеграция басқармасының басшысы

 

Кожикова Бахыт Тенелбаевна

Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы

Бисембаев Мади Айбекович

Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, Комиссия хатшысы

___________________________

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының

           2020 жылғы «    »           

№        бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) жұмысын ұйымдастыру және қызметін реттеу тәртібін айқындайды.
  2. Комиссия Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді объективті және құзыретті жүзеге асыру мақсатында құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
  3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларын
    (бұдан әрі – Қағидалар), осы Ережені және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
  4. Аккредиттеуді Агенттік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында не Агенттіктің ресми сайтында аккредиттеуді жүзеге асырудың мерзімдері мен шарттары туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі хабарландыру республикалық деңгейде жарияланғаннан кейін жыл сайын жүзеге асырады.
  5. Аккредиттеуге: жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктері, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктері жатады.

 

 

 

 

 

  1. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

 

  1. Комиссияның негізгі міндеттері жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру болып табылады.
  2. Комиссияның функциялары:

1) аккредиттеуді алу үшін Агенттікке жіберілген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің материалдарын қарау;

2) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату мәселелерін қарау;

3) бірлестіктер аккредиттеуге ұсынған материалдарды қарау қорытындылары бойынша, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде оның қолданылуын қайта бастау мәселелері бойынша тиісті ұсынымдар шығару болып табылады.

 

 

  1. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

 

  1. Комиссияны Төраға басқарады.

Комиссияның құрамына Агенттік төрағасының бұйрығымен айқындалатын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.

Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды және Комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.

  1. Комиссияның жұмыс органының функциялары Агенттіктің құқықтық қамтамасыз ету басқармасына жүктеледі.
  2. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

 

 

  1. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі

 

  1. Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші Агенттікке мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бірлестік мүшелерінің тізімі.

Ескертпе:

* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

  1. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) мемлекеттік органның аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруы;

2) бірлестіктердің өтінішті және осы Ереженің 11-тармағында көзделген құжаттар пакетін ұсынуы;

3) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы;

4) мемлекеттік органның аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы;

5) аккредиттеу туралы куәлікті немесе негіздемемен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.

  1. Комиссияның шешімдері жай көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
  2. Құжаттарды қарау Комиссия отырыстарында жүзеге асырылады. Комиссия:

1) бірлестікті аккредиттеуді;

2) бірлестікке аккредиттеуден бас тартуды;

3) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұруды немесе тоқтатуды ұсынады.

  1. Агенттік Комиссия ұсынымының негізінде аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
  2. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
  3. Аккредиттеуден, егер:

1) ұсынылған құжаттар осы Ереженің 11-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;

2) бірлестік өз мүшелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырмаса;

3) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер болған жағдайларда бас тартылуы мүмкін.

  1. Аккредиттеу туралы куәлік Қағидаларда белгіленген нысан бойынша 3 жыл мерзімге беріледі.
  2. Аккредиттеу туралы куәлік иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа заңды тұлғаларға беруге жатпайды.
  3. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған кезде бірлестік тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның телнұсқасын Агенттіктен ала алады.

 

 

  1. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату

 

  1. Осы Ереженің 22-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату мәселелерін Комиссия он жұмыс күні ішінде қарайды.
  2. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы мынадай жағдайларда:

1) куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бір ай ішінде жойылмаса;

2) аккредиттелген бірлестік қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

3) бірлестік куәліктің қолданылуын ерікті түрде тоқтату туралы өтініш берген кезде;

4) оның қолданылу мерзімі аяқталған кезде;

5) бірлестік Кодекстің 66-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген талапты үш реттен артық бұзған жағдайларда;

6) Кодекстің 65-бабы 1-тармағының ережелері ескеріле отырып, мемлекеттік органдар белгілеген нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау мерзімі бұзылған жағдайларда тоқтатылады.

 

___________________________

 

 

 

О создании Комиссии по аккредитации объединений субъектов частного предпринимательства при Агентстве по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан
Дата публикации
25 ноября 2020