2025 жылдың 18- желтоқсандағы 7-НҚ бұйрығыҚазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменттінің мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу жоспар кестесін бекіту туралы (7-НҚ)

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 39-4) тармақшасына және мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарын сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу регламенттінің 4 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменттінің (бұдан әрі – Департамент) 2026 жылға арналған Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу туралы жоспар-кестесі (бұдан әрі – Жоспар-кесте) бекітілсін.
  2. Жоспар-кестенің орындалуы Департаменттің тергеп-тексерулер
    бөліміне жүктелсін;
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары С.Қ. Құлжабаевқа жүктелсін;
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Департамент басшысы                                                           Д. Калдыгужин

 

Дата публикации
19 декабря 2025