Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы                    ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

  

            2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және                              2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

бұйрығына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы                      ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6 бабының 39-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және монополияға қарсы органның және оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг (бұдан әрі – Мониторинг) жүргізу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

          1) тауар - азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, қызмет;

2) тауар нарығы – оның шекараларында (оның ішінде географиялық) экономикалық, техникалық немесе өзге де мүмкіндікті не орындылығын негізге ала отырып, сатып алушы тауарды сатып ала алады және оның шегінен тыс мұндай мүмкіндік не орындылығы жоқбасқа тауармен алмастырылмайтын немесе шекараларында өзара алмастырылатын тауар айналымы саласы.     

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Кодексте айқындалған.

  1. Мониторинг Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында жүзеге асырылады.
  2. Мониторинг жүргізілетін тауар нарықтарының тізбесін монополияға қарсы орган жыл сайын 1 желтоқсаннан кешіктірмей бекітеді және оның интернет-ресурсында орналастырылады.

 

2-тарау. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу тәртібі

 

  1. Мониторинг жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпаратты жинау және өңдеу;

2) бәсекелестікті қорғау саласындағы Кодекстің талаптарын бұзушылық белгілерінің болуы тұрғысынан тауар нарықтарындағы ағымдағы баға ахуалына талдау жүргізу және оның нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындау.

  1. Мониторинг жүргізу кезінде ақпарат көздері мыналар:

1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның мәліметтері;

2) жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарынан ақпарат;

4) тиісті тауар нарықтарында тауарлар өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің мәліметтері;

5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

6) өзге де жалпыға бірдей қолжетімді мәліметтер болып табылады.

  1. Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы тиісті тауар нарығындағы бағалар Мониторинг объектісі болып табылады.
  2. Талдамалық анықтама өңірдегі тауар нарықтарындағы ахуалдың қысқаша сипаттамасын білдіреді және мыналарды қамтитын бөлімдерден тұрады:

1) өңірдегі бағалар серпіні (өткен есепті кезеңмен және жыл басымен салыстырғанда есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруі, бағалардың өзгеру себептері мен факторлары, бағалардың өзгеруін сипаттайтын өзге де ақпарат);

2) бәсекелестікті қорғау саласындағы Кодекстің талаптарын бұзушылық белгілері туралы ақпарат;

3) монополияға қарсы ден қою шараларын, сондай-ақ бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, тоқтату және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту шараларын қолдану жөніндегі ұсыныстар;

4) монополияға қарсы ден қоюдың қабылданған шаралары туралы ақпарат.

  1. Мониторинг жүргізудің есепті кезеңі күнтізбелік апта болып табылады. Тауарлардың бағалары туралы ақпаратты және ағымдағы баға ахуалы туралы талдамалық анықтаманы монополияға қарсы органға оның аумақтық бөлімшелері апта сайын алдыңғы күнтізбелік аптаның сейсенбісінен бастап ағымдағы күнтізбелік аптаның сейсенбісін қоса алғандағы кезең үшін ұсынады.

Мониторинг нәтижелері бойынша жиынтық деректерді монополияға қарсы орган ведомствосының жауапты құрылымдық бөлімшелері қалыптастырады және монополияға қарсы орган ведомствосының басшылығына есепті аптадан кейінгі күнтізбелік аптаның жұмасынан кешіктірмей ұсынады.

Об утверждении Правил проведения мониторинга цен на товарных рынках с целью установления признаков нарушения законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции и принятия мер антимонопольного реагирования
Дата публикации
25 ноября 2020