№ 38-НҚ от 11.12.2020
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Басқармасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереженің 26-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған:
- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) туралы ереже;
- Басқарманың құрамы бекітілсін.
- Агенттіктің Стратегиялық талдау департаменті осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Р.Н. Ахметовке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға С. Жұманғарин