2025 жылдың 9 айында жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері ақпарат

2025 жылдың 9 айында жүргізілген

ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері ақпарат

 

2025 жылы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (ЖАП және ІМАК) тексеруінен өтуі жоспарланбаған.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 9 айында Агенттіктің Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес Агенттікте:

  • Агенттік (АФД, ДБК, ДЭККГП) мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету рәсімдерінің аудиті;

- БҚДАД Атырау обласы бойынша ішкі бақылау және ішкі процестерді (бизнес-процестерді) басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалау аудиттің пәні болып табылады;

- Агенттік (АФД) - мемлекеттік сатып алуды өткізу және шарттар талаптарының орындалу рәсімдерінің, оның ішінде сатып алынатын (конкурс тәсілімен) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша аудиті ішкі мемлекеттік аудит жүргізді.

Тексеру барысында кемшіліктер және ішкі бақылау жүйесінің дұрыс құрылымдалмағаны анықталды.

ІАҚ 20 ұсыныс шығарды, оның 14-і немесе 70% орындалды.

Аудиторлық іс-шараның материалдары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың бірыңғай деректер базасына (ЖАП-тың ақпараттық жүйесі) орналастыру үшін ІМАК-ке жіберілді және ІМАК (ТБЖ/ҚБ ақпараттық жүйесі) енгізілді.

Дата публикации
07 октября 2025