Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде «Мемлекеттік қызметтегі әйелдерге қатысты дискриминация және сексуалдық бопсалауды болдырмау» тақырыбында өткен семинардың хаттамасы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде «Мемлекеттік қызметтегі әйелдерге қатысты дискриминация және сексуалдық бопсалауды болдырмау» тақырыбында өткен семинардың хаттамасы

 

Астана қаласы                                                                        2025 жылғы 22 қыркүйек

 

        Төрағалық еткен: А.С. Исаков – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аппарат басшысы.

        Спикер: Исмагұлова А.Е. Астана қаласы Полиция департаментінің Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы, полиция подполковнигі.

        Қатысушылар: Агенттіктің орталық және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері.

 

  1. «Мемлекеттік қызметтегі әйелдерге қатысты дискриминация және сексуалдық бопсалауды болдырмау»

(Исаков, Исмагұлова)

 

  • Астана қаласы Полиция департаментінің Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы, полиция подполковнигі А.Е. Исмагұлованың «Мемлекеттік қызметтегі әйелдерге қатысты дискриминация және сексуалдық бопсалауды болдырмау» туралы  ақпараты назарға алынсын.

 

1.2. Агенттіктің әдеп жөніндегі уәкілі:

        - бүгінгі семинарда айтылған материалдарды Агенттіктің барлық құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жіберсін;

        - сауалнама әзірлеу және анонимді сауалнама жүргізуді қамтамасыз ету.

1.3. Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері, кемсітушілік немесе жыныстық қудалау фактілері анықталған жағдайда, дереу кезде Агенттіктің басшылығына және Әдеп жөніндегі уәкіліне хабарлау қажет.

 

 

Аппарат басшысы                                                                     А. Исаков

 

Дата публикации
30 сентября 2025