Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері қызметінің тиімділік көрсеткішін есептеу әдістемесін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері қызметінің тиімділік көрсеткішін есептеу әдістемесін бекіту туралы

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері қызметінің тиімділік көрсеткішін есептеу әдістемесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында, сондай-ақ қажет болған кезде басқа да ашық ақпарат көздерінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы

 

                М. Омаров

Дата публикации
30 сентября 2025