«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында, сондай-ақ қажет болған кезде басқа да ашық ақпарат көздерінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы

 

М. Омаров

Дата публикации
22 сентября 2025