____________№____________________________
__________________________________________
Қазақстан Республикасының
Қ.К. Тоқаевқа
«Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
5 қазандағы № 428 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті
Жарлығының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы
(бұдан әрі — Жарлық жобасы) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережені Қазақстан Республикасының Салық кодексіне,
«Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жарлық жобасында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережені:
мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
әзірленген мемлекеттік құпиялардың
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде ведомостволық бағынысты ұйымдарда да қорғалуын қамтамасыз ету;
реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі функциялармен толықтыру көзделеді.
Жарлықты іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.
Жарлық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Төраға М. Омаров