Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасын қайта бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту   агенттігінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасын

қайта бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 168-бабының 8-тармағына, «2025 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 1046 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы  18 шілдедегі № 543 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы қайта бекітілсін.
  2. Әкімшілік-қаржы департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау аппарат басшысына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                                            М. Омаров

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»                                                         

 

Қазақстан Республикасының                              

Қаржы министрлігі 

 

 ______________                                                              

 

Дата публикации
21 августа 2025