«Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша операциялық бағалау нәтижелері туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
(орталық мемлекеттік органның атауы)
2024 год
(Есепті кезең)
|
№
|
Бағалау өлшемшарттары
|
Коэффициенттер
|
Балдар
|
|
1
|
Даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу
|
0,97
|
|
|
2
|
Балдарды шегеру
|
|
0
|
|
|
Жалпы бағалау
|
|
97,33
|
Агенттіктің қызметін жақсарту жөніндегі Жоғары аудиторлық палатаның қорытындылары мен ұсынымдары:
Бағалау нәтижелері министрліктің жоғары тиімділік дәрежесін көрсетеді. Өлшемшарттар бойынша қорытынды баға 97,33 балды құрады.
Есепті кезеңде түзету параметрлерін ескере отырып, мақсаттарға қол жеткізу бойынша қорытынды нәтиже 0,97 құрады. Бұл нәтиже келесі фактілерге байланысты:
- - жоспарлы мәнді 25% және одан артық асыра орындау фактілері анықталмаған (2023 жылы – 4 факт);
- индикаторлардың жоспарлы мәндерін төмендету жағына түзету фактілері анықталмаған (2023 жылы-0 факт);
- өткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштердің нақты орындалуының оң динамикасының болмауының 2 фактісі тіркелді (2023 жылы – 0 факт).
Алынған нәтижелер негізінде Агенттікке ұсынылады:
- Даму жоспары «Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және түзету әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы №93 өзекті бұйрығына сәйкес Министрліктің даму жоспарының мақсаттары мен міндеттерінің құрылымын сәйкестендіру.
- Даму жоспарына бюджеттік бағдарламаларды нәтижелер көрсеткіштерімен, міндеттермен, нысаналы индикаторлармен және мақсаттармен тікелей өзара байланыстыруды енгізу жолымен бюджеттік бағдарламалар мен Агенттік қызметінің мақсаттарының өзара байланысын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
- «Жоғары тұрған НҚА-ға сәйкес келтірілген бәсекелестікті қорғау саласындағы заңға тәуелді НҚА үлесі» нысаналы индикаторын даму жоспарынан алып тастау не оны жоспарлы мәндердің серпінділігін қамтамасыз ету жағына қарай түзету мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
- Ведомстволық және баламалы көрсеткіштер арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін даму жоспарына статистикалық индикаторларды енгізу мүмкіндігін қарастыру.
Орындалды.
Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың талаптарына сәйкес Агенттік төрағасының 2025 жылғы 12 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен келесіні көздейтін Агенттіктің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді:
- мақсаттарды нысаналы индикаторларға, міндеттерге және оларды орындау нәтижесінің көрсеткіштеріне каскадтау және ыдырату;
- нәтижелер көрсеткіштері, міндеттері, нысаналы индикаторлары және даму жоспарының мақсаттары 001 бюджеттік бағдарламамен өзара байланысты;
- «Жоғары тұрған НҚА-ға сәйкес келтірілген бәсекелестікті қорғау саласындағы заңға тәуелді НҚА үлесі» нысаналы индикаторын алынып тастауы;
- 2 статистикалық индикатор: «ІЖӨ-дегі ЖҚҚ ШОҚ» және «ШОК сабақ санының өсуі».