2025 жылғы 2-тоқсанда Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінде және ведомстволық бағынысты ұйымда сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (ЖАП және ІМАК) тексеру өткізуі жоспарланған жоқ.
Сонымен бірге, 2025 жылдың 2-тоқсанында Агенттіктің Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін бағалау және ішкі процестерді (бизнес-процестер) басқару мәселесі бойынша бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде тиімділік аудитін жүргізді, нәтижесінде кемшіліктер анықталды.
ІАҚ ұсынымдар шығарды, оларды орындау уақыты әлі өткен жоқ.
Аудиторлық іс-шараның материалдары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың бірыңғай деректер базасына (ЖАП-тың ақпараттық жүйесі) орналастыру үшін ІМАК-ке жіберілді және ТБЖ/ҚБ (ІМАК-тің ақпараттық жүйесіне) енгізілді.