Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
2025 жылғы I тоқсан үшін
талдамалық анықтамасы
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі –- Агенттік) «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау», «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» атты 2 мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Агенттік жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығымен бекітілген «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына және Агенттік төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 6 бұйрығымен бекітілген «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетеді.
«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет бойынша:
«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініштерді қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі электрондық нысанда «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінің https://elicense.kz/ ішкі порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылғы I тоқсанда Агенттік барлығы 19 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 18-заңды тұлғаға, 1-еуі жеке тұлғаға.
Ағымдағы жылғы I тоқсанда мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.
«Мониторинг» ИАЖ шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тарту және мерзімдерді бұзу анықталған жоқ, олар бойынша шешімдер қабылданған жоқ.
«Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша:
«Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметі электрондық нысанда «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінің https://elicense.kz/ порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылғы I тоқсанда Агенттікке «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге заңды тұлғалардан өтінім түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.
«Мониторинг» ИАЖ шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тарту және мерзімдерді бұзу анықталған жоқ, олар бойынша шешімдер қабылданған жоқ.