2025 жылғы 1-тоқсанда жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

2025 жылғы 1-тоқсанда Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінде және ведомстволық бағынысты ұйымда сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (ЖАП және ІМАК) тексеру өткізуі жоспарланған жоқ.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 1-тоқсанда Агенттіктің Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету бойынша аудиторлық рәсімдер мәселесі бойынша бекітілген 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Агенттікте ішкі мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Агенттік                                     2 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар «elicense.kz» ақпараттық жүйесі (ЭШМКБД және ББД) арқылы электронды нысанда көрсетіледі:

- тауар биржаларының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, толық автоматтандырылған, заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі;

- экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау, электрондық (ішінара автоматтандырылған), заңды және жеке тұлғаларға – тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету рәсімдеріне жүргізілген аудит қорытындылары бойынша кемшіліктер анықталды, сондай-ақ Агенттік жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуге ішкі бақылау тиісті деңгейде құрылмаған.

Сонымен бірге, Агенттік монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру, бизнес-процестерді жаңғырту мен түрлендіру және реинжинирингі және т.б. бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

ІАҚ ұсынымдар шығарды, оларды орындау уақыты әлі өткен жоқ.

Аудиторлық іс-шараның материалдары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың бірыңғай деректер базасына (ЖАП-тың ақпараттық жүйесі) орналастыру үшін ІМАК-ке жіберілді және ІМАК-тің ақпараттық жүйесіне (ТБЖ/ҚБ) енгізілді.

Дата публикации
10 апреля 2025