Қосымша
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!»
сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша
Жол картасын іске асыру
МОНИТОРИНГІ
|
№ |
Іс-шаралар атауы |
Жылдар бойынша орындалу мерзімі |
Жауапты мемлекеттік орган |
Орындалу жағдайы. Ағымдағы жағдай |
Ескертпе |
||||
|
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|||||
|
3.2. Күшті кәсіпкерлер |
|||||||||
|
115. |
Тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою, бірл. |
кемінде 10 |
кемінде 10 |
кемінде 10 |
кемінде 10 |
кемінде 10 |
БҚДА (келісім бойынша) мүдделі орталық мемлекеттік органдар |
Орындауда Жоюға жоспарланған кедергілер: 1. Суды есепке алу аспаптары бойынша ақпараттық өлшеу жүйелерін сынақтан өткізу критерийлерінің болмауына байланысты бәсекелестікті дамыту үшін кедергі. Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында (бұдан әрі-қағидалар) суды есепке алу аспаптары бойынша ақпараттық өлшеу жүйелерін сынақтан өткізу критерийлері көзделмеген, бұл өз кезегінде бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жекелеген субъектіге артықшылық беруге алып келеді осы қызметтер нарығында. Осы тосқауылды жою мақсатында БҚА өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) атына Қағидалардың 2-тарауын 11-1-тармақпен толықтыру бөлігінде бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттер жасау туралы ұйғарым шығарылды: «Тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалануда ақпараттық өлшеу жүйесін сынақтан өткізуге мынадай жағдайларда жол беріледі: - егер мұндай ақпараттық өлшеу жүйелері ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған жағдайда, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткен және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тиісті актісі жоқ болған жағдайда; - деректерді қашықтықтан жинау және беру үшін қолданылатын сымды және сымсыз (радиоарналық) байланыс технологиялары ұлттық деңгейде стандартталуы және байланыс және денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық талаптарға сәйкес келуі тиіс». 2. Маммографиялық суреттердің «екінші оқылымын» өткізуде жеке медициналық ұйымдарды шектеуге байланысты бәсекелестікті дамытуға кедергі. Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 318 ішкі бұйрығының қабылдануы, жеке медициналық ұйымдардың рентгенолог-дәрігерлері үшін кедергі жасаған, маммографиялық суреттерді екінші рет оқу мүмкіндігінің шектелгенін білдірді. Анықтама: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 318 бұйрығына сәйкес бірінші оқылымның маммограммаларын түсіндіруді қалалық, аудандық емхананың (жылжымалы медициналық кешеннің) маммография кабинетінің рентгенолог-дәрігері көрсетеді, екінші оқылым онкологиялық орталықтарда көрсетіледі. Сонымен қатар, осы мәселені зерделеу шеңберінде БҚДА Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығының 1-тарауының 4-тармағына сәйкес онкологиялық көмекті «Онкология» кіші түрі бойынша Медициналық қызметке лицензиясы бар меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан медициналық ұйымдар көрсететіні медициналық ұйымды таңдау құқығын ескере отырып, тұрғылықты жері бойынша халыққа онкологиялық медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігін қамтамасыз ету және (немесе) оларды бекіту мақсатында, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылда анықталды. Сондай-ақ, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 77-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚР азаматтары дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауға құқылы. Баяндалғанның негізінде БҚДА Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданды. қазіргі уақытта тергеу нәтижелері соттың кассациялық сатысында. 3. Алкоголь өнімін өткізетін барлық сауда объектілеріне лицензиялық алым бөлігінде бірыңғай тәсілмен байланысты бәсекелестікті дамыту үшін тосқауыл. Бүгінгі күні лицензияны бастапқы алған кезде тіркеу алымдарының және алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі лицензияны пайдаланғаны үшін төлемақының ставкалары әкімшілік-аумақтық қағидат бойынша жүргізіледі және мыналарды құрайды: А) Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар КБК 105402 – 100 АЕК, КБК 105434 – 100 АЕК Б) аудандық маңызы бар қалалар және кенттер КБК 105402 – 70 АЕК, КБК 105434 – 60 АЕК В) ауылдық елді мекендер КБК 105402 – 30 АЕК, КБК 105434-20 АЕК Бөлшек сату лицензиясын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі бүркемеленген. Лицензияны алғаш алған кезде «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері» КБК 105402 және «Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу лицензияларын пайдалану үшін төлем» КБК 105434 бойынша жыл сайынғы тоқсан сайынғы пайдалану ақысы бойынша төлемдер несімен ерекшеленеді. Мөлшерлемелер бірдей. Сондай-ақ, «үй маңындағы дүкендер» алкоголь өнімдеріне лицензияға ірі сауда объектілерімен (ірі, алып сауда желілерімен) тең дәрежеде төлейді. Салық салудың әділдігі қағидатына сәйкес Салық кодексінің 7-бабы 3-тармағы «Бір кезең ішінде бір салық салу объектісі бойынша ешкімге бірдей салық түрімен, бюджетке төленетін төлемнің бірдей түрімен қайта салық салуға болмайды». Бұл жағдайда лицензияны пайдаланғаны үшін төлем қосымша салық болып табылады, бұл сөзсіз адал бәсекелестікке кедергі және жасырын қосарланған салық болып табылады. БҚДА-мен лицензияны пайдаланғаны үшін қосарланған төлемді алынып тастау және ішкі сауда субъектілерінің санаты бойынша белгілеу ұсынылды. Қаржы министірлігінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № КГД-13-2-11/51415 және «Атамекен» ҰКП 2024 жылғы 23сәуірдегі № 05343/14 хаттарына сәйкес, кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясатын іске асыру шеңберінде Қаржымині мен «Атамекен» ҰКП бірлесіп алкогольді бөлшек саудада өткізуге байланысты қызмет бойынша салық жүктемесін қысқарту немесе төмендету жолымен жаңа Салық кодексін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2024 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі төрағалығымен өткен жаңа Салық кодексін әзірлеу мәселелері жөніндегі кеңесте салықтардың және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдердің жалпы санын азайту мәселесі қаралды: кеңес барысында Ұлттық палатаның алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек сауда бойынша лицензияны пайдаланғаны үшін төлемді алып тастау жөніндегі ұсыныстары қолдау тапты. |
|
|
116. |
Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы имплементацияланған халықаралық практикалардың саны, бірл. |
кемінде 1 |
кемінде 1 |
кемінде 1 |
кемінде 1 |
кемінде 1 |
БҚДА (келісім бойынша)
|
Орындауда Жыл сайын салынған айыппұлдардың динамикасы айтарлықтай өсуде. Алайда, миллиардтаған айыппұлдарға қарамастан, тікелей зиян келтірілген азаматтар өтемақы алмайды. Мысалы, мемлекет кірісіне өндіріп алынған айыппұлдың қорытындысы бойынша Эйр Астанадан жанармай алымын негізсіз алғаны үшін 876 млн теңге көлемінде авиакомпанияның клиенттері бірде-бір талап қойған жоқ. Бұл талап қою шығындары жеке тәртіпте ондаған, жүздеген мың зардап шеккендер үшін орташа шығын мөлшерінен (бір адамға 3-5 мың теңге) едәуір асып түсетіндігіне байланысты. Зиянды өтеудің тиімді тетігі болмаған жағдайда қазақстандық компаниялар арасында көптеген тұтынушылардың мүдделерін қозғайтын бұзушылықтардан пайда табудың жосықсыз практикасы қолданылады. Бұл қызметтердің құнын арттыру немесе көлемін азайту, қосымша қызметтер мен алымдарды енгізу, қаржылық, көлік қызметтерін баламалы жеткізушілердің нарыққа шығуын шектеу және т. б. бойынша үстем топтардың әрекеттері. Дамыған Еуропа елдерінде және АҚШ-та тұтынушылардың шектеусіз санының мүліктік мүдделерін қорғау үшін ұжымдық талап қою институты жұмыс істейді. Бұл азаматтардың бастамашыл тобына көптеген азаматтардың атынан талап қоюға және заңды білімінің, сот ісін жүргізудің қаржылық мүмкіндіктерінің болуына қарамастан, олардың залалын өтеуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ азаматтарды, сарапшыларды, жұртшылықты үстем топтардың жосықсыз қызметін тоқтату жөніндегі жұмысқа тартуды қамтамасыз етеді және ірі отандық және шетелдік трансұлттық компаниялармен қарым-қатынаста азаматтардың экономикалық мүдделерін қорғаудың құқықтық тетігін жасайды. Монополияға қарсы реттеу үшін осы институтты енгізу бәсекелестік заңнаманы бұзушылықтар бойынша жүргізіліп жатқан барлық тергеулердің қисынды қорытындысы болады. Ұжымдық талап қою институтын енгізу жөніндегі заңнамалық түзетулер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында тұрған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына есепке алынды (2025 жылғы 30 қаңтардағы № 31КР ҮҚ). |
|