Жұмыс тобына мүшелерді іріктеу бойынша хабарландыру

Жұмыс тобына мүшелерді іріктеу бойынша хабарландыру

 Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 8, 9 – баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Үлгілік ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс жариялайды.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Агенттікке мынадай құжаттарды жолдайды:

  • хабарламаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • кандидатураны жұмыс тобының мүшелігіне ұсыну туралы кандидатураны ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (кандидатураны коммерциялық емес ұйымнан ұсынған кезде ұсынылады);
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы кандидат бола алады.
  2. Үміткер:

1) сотталған болмауы қажет;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылу болмауы қажет;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсты өткізу мерзімі: 2020 жылғы 6 қарашаға дейін.

Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі отырысты өткізу уақыты қосымша хабарланатын болады.

Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер Үйі" Әкімшілік ғимараты, 1 кіреберіс.

Байланыстар: 8 (7172) 74-32-62, sakshn@mail.ru.

Өтініш нысанын "жүктеуге арналған файлдар" бөліміне өту арқылы жүктеуге болады.

Дата публикации
23 октября 2020