2024 ЖЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2024 жылы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиті, Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудит палатасы (бұдан әрі – ЖАП)  және Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – ІМАК) жоспарланбаған.

Осы уақытта, ЖАП 2023 жылғы 2 ақпандағы № 3-1-Н нұсқама орындалу сатысында тұр.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 26 тармақтың 22-сі немесе 85%-ы орындалды, ал 4 тармақ (15%) заңнамалық өзгерістерді талап етеді және Алтыншы түзетулер пакетінде көзделген, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратының қарауына енгізілді.

Осымен қатар, 2024 жылы бекітілген Мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес Агенттіктің Ішкі аудит қызметімен (бұдан әрі – ІАҚ) ішкі мемлекеттік аудит жоспарланды және жүргізілді.

ІАҚ 5 жоспарлы аудит және 1 жоспардан тыс аудит жүргізді:

  • Агенттікте – бюджетті пайдалану, бухгалтерлік есепті жүргізу, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бөлігінде Агенттік қызметінің тиімділігін бағалау;
  • Агенттіктің Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары бойынша департаменттерінде – ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін бағалау және ішкі процестерді (бизнес-процестер) басқару;
  • «Бәсекелестікті дамытудың талдамалық зерттеу орталығы» РМУ – тексерілетін объектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауы (жоспардан тыс аудит).

ІАҚ аудитінің нәтижелері бойынша процедуралық бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. ІАҚ ұсынымдар берді, олар 90%-ға орындалды, тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік шара қолданылды («БДТЗО» РММ басқармасының басшысына сөгіс).

2024 жылғы аудиторлық іс-шаралардың ІАҚ материалдары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың бірыңғай деректер базасына (ЖАП ақпараттық жүйесі) орналастыру үшін ІМАК-е жіберілді және ІМАК ақпараттық жүйесіне (СУР/ФК) енгізілді.

Дата публикации
21 января 2025