кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 175-бабы 4-1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 175-бабы 4-1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше жүргізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау тәртібін белгілейді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
«1) биржалық тауар – бірліктері барлық жағынан сәйкес келетін, сипаттамалары ұқсас және ұқсас құрамдауыштардан тұратын, биржалық тауарлардың тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, бұл оларға түрлі өндірушілерден шыққан, толық өзара алмастыру қасиеті бар партиялардың функцияларын орындауға мүмкіндік береді;
2) монополияға қарсы орган – бәсекелестекті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Кодекске сәйкес қолданылады.»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Нарық субъектілерінің осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген шарттарды сақтауын монополияға қарсы орган құрамына монополияға қарсы органның, салалық мемлекеттік органдардың және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін жұмыс тобын қалыптастыру арқылы қамтамасыз етеді.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
|
|