№ 1-НҚ бұйрық Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан 2025 жылға арналған мониторинг жүргізудің жоспар-кестесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 09 қазандағы №1 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы» Ереженің 19-тармағының 3) тармақшасына сәйкес - Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 39-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 01желтоқсандағы №296/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу регламентінің 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйырықтың қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізудің жоспар-кестесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Басшының м. а. А.Алиппаев
Об утверждении План-графика проведения мониторинга деятельности лиц, оказывающих меры государственной поддержки на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции по Северо-Казахстанской области на 2025 годДата публикации
10 января 2025