ЭЫДҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК САЯСАТЫ МЕН ЗАҢНАМАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ШОЛУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАРЫН ОРЫНДАУ МӘРТЕБЕСІ
|
№ |
Ұсыным |
|
Бәсекелестікті шектейтін келісімдер |
|
|
1. |
Заңсыз келісімдерге, келісілген әрекеттер мен теріс пайдалануларға: «тұтынушылардың құқықтарын бұзу» және «тұтынушылардың немесе өзге де тұлғалардың мүдделерін бұзу» қатысты құқықтық ережелердің күшін жою немесе түсіндіру. |
|
2. |
Тиісті субъектілер арасында сөз байласудың болуын дәлелдеуді қажет етпей бағаны қатар көтергені үшін қылмыстық қудалау практикасын тоқтату |
|
3. |
ТМРБҚК-ге тергеп-тексеру жүргізу үшін жетілдірілген және неғұрлым пәрменді құралдар беру, мысалы, мәлімделмеген тексерулер және міндетті түрде ақпарат беру туралы сұрау салулар, сондай-ақ күдіктілер мен куәлардан жауап алу құқығы. |
|
4. |
Эксклюзивтік туралы келісімшарттарды қозғайтын сатылас келісімдерге қатаң тыйым салуды жою |
|
5. |
Ерекшеліктердің жалпы құрылымы шеңберінде ғана зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарға қатысты бәсекелестікті шектейтін келісімдер үшін ерекшеліктерді алып тастауды көздеу. |
|
6. |
Бәсекелестікті шектейтін келісімдер үшін айыппұл салу туралы қағидаларды қайта қарау, монополияға қарсы органнан айыппұлдарды бұзушылардың кірісі картельдік келісімге нақты байланысты негізде есептеуді талап етпеу. |
|
Үстем жағдай және монополияландыру |
|
|
7. |
Үстем және монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін жою және нарықтарға, үстем жағдайға және теріс пайдалануға терең экономикалық талдау жүргізуді көздеу. |
|
8. |
Болжалды теріс пайдаланудың салдарын талдауды көбірек пайдалану және стандартты өлшемшарттарға азырақ қолдану. |
|
9. |
Бағаны бақылаудан шектеу практикаларын бақылауға баса назар аудару. |
|
Экономикалық шоғырлануды бақылау |
|
|
10. |
Экономикалық шоғырлануда жергілікті байланыстың жеткілікті деңгейінің болуын қамтамасыз ететін хабарлама үшін нақты және қарапайым есептелетін шекті мәнді енгізу. |
|
11. |
Хабарламада қамтылған ақпаратқа қойылатын талаптарды нақты айқындау және оларды тергеп-тексерудің бірінші сатысы үшін қажет ақпарат көлеміне дейін азайту. |
|
12. |
Экономикалық шоғырланудың әрбір фактісіне жан-жақты және жеке талдау жүргізуді қамтамасыз ету және экономикалық шоғырланудың біржақты немесе үйлестірілген салдарына назар аудару. |
|
13. |
Бәсекелестікті шектейтін бірігулермен күрес үшін негізінен құрылымдық қорғаныс құралдарын қолдану. Кез келген жағдайда құрылымдық қорғаныс құралдарына назар аудару қажет. |
|
14. |
ТМРБҚК-нің бірігу туралы өз шешімдерін жариялау міндеті мен мүмкіндігі көзделуі тиіс. |
|
15. |
Субъектілерге назар аудару құқығына кепілдік беретін процестік қағидаларды енгізу. |
|
Қосымша өкілеттіктер: тұтынушылардың құқықтарын қорғау, бәсекелестіктің жай-күйін бағалау, «Табиғи монополиялар туралы» Заң шеңберінде реттеу және реттелетін нарықтар |
|
|
16. |
Мемлекеттік монополиялардың саны мен қолданылу аясын қысқарту. |
|
17. |
Реттелетін секторлар мен реттеушілік қағидаларға мониторинг пен тексеруді үнемі жүзеге асыру. |
|
Институционалдық және процестік аспектілер, халықаралық ынтымақтастық мәселелері |
|
|
18. |
Ұлттық экономика министрлігінің құрылымынан тыс тәуелсіз мемлекеттік орган ретінде ТМРБҚК-ні құру мәселесін қарау. |
|
19. |
ТМРБҚК үшін өз жұмысы шеңберінде басым міндеттерді айқындау мүмкіндігін және істер бойынша бас тарту туралы шешім қабылдауға дискрециялық құқықты көздеу. |
|
20. |
Монополияға қарсы құқық рәсімдері құқықтың үстемдігін көрсетуі тиіс және нарық субъектілері мен тиісті талқылаулардан зардап шеккен жеке тұлғалардың негізгі құқықтарын қамтуы тиіс. |
|
21. |
Талқылаулар үшін заңды мерзімдерді ұлғайту қажет. |
|
22. |
Апелляциялық соттар монополияға қарсы құқық мәселелеріне мамандануы тиіс және оларда бәсекелестік туралы заңнама бойынша істерді тексеру үшін жеткілікті уақыт болуы тиіс. |