АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТМД МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

2024 жылғы 28-29 қарашада Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының кезекті отырыстары өтті:

Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды бірлескен тергеу жөніндегі штабтың 43-ші отырысы;

Монополияға қарсы саясат жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (МҚЖМК) 57-ші отырысы.

Штаб отырысы аясында талқыланды:

ТМД елдеріндегі бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу туралы баяндамаларды дайындау барысы;

монополияға қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу жөніндегі шаралар;

бәсекелестіктің бұзылуынан зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау құралы ретінде ұжымдық талап қою тетіктері.

МҚЖМК отырысында агенттік төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Агенттіктің монополияға қарсы саясат саласындағы негізгі жетістіктерін таныстыра отырып, бейнеконференция форматында сөз сөйледі. Сонымен қатар, қатысушылар монополияға қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу шаралары туралы баяндаманы қарап, бекітті, сондай-ақ қолайлы бәсекелестік орта құру үшін жұмсақ құқық құралдарын қолдану бойынша Ресей Федерациясының тәжірибесін зерттеді.

Отырыс қорытындысы бойынша Ресей Федералдық монополияға қарсы қызметінен Беларусь Республикасының монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігіне екі жыл мерзімге МҚЖМК төрағалығын беру туралы шешім қабылданды.

МҚЖМК ТМД шеңберіндегі салалық өзара іс-қимылдың негізгі органдарының бірі болып табылады, оның қызметі 30 жыл бойы бәсекелестік заңнама және монополияға қарсы құқық қолдану саласында тұрақты пікір, тәжірибе және озық тәжірибелермен алмасуды қамтамасыз етеді.

Дата публикации
02 декабря 2024