Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту   агенттігінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын

қайта бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабының 4-тармағына, «2024 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 777 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін.
  2. Әкімшілік-қаржы департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау аппарат басшысына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                                            М. Омаров

 

 

Дата публикации
20 ноября 2024