Ішкі аудит қызметі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. ІАҚ міндеттері, құқықтары мен міндеттері
1) Агенттіктің стратегиялық құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді талдау;
2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Агенттік қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.
1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттар жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәлеметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;
2) Қазақстан Республикасының бюджетік заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органға қарау үшін ұсыну;
3) мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз рұқсат алу;
4) алынып тасталды;
5) мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес ішкі аудит нәтижилері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, соның ішінде электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпаратты жүйелерге қолжетімділікті, соның ішінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу;
6) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;
7) Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағыныстағы ұйымда ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыста консультациялық көмек көрсету;
8) алынып тасталды;
9) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді;
10) ІАҚ жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді, Агенттік төрағасына бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;
11) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Агенттік төрағасы бекітетін тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін жасайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметті ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, Агенттік интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастырады;
13) қайталануды болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістермен келіседі;
14) жүйелік негізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, соның ішінде ІАҚ-ның деректерін, міндетті орындалатын ұсынымдары мен ескертпелердің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
15) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасайды;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтарын және мемлекеттік аудит объектілерінің заңды мүдделерін сақтайды;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер қорына орналастырады;
18) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының
іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар береді;
19) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген режиміне кедергі жасамайды;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындайды;
21) қызметтік және кәсібі этика талаптарын сақтайды;
22) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымдық тұлғаларына) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамайды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер береді;
23) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, соның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламайды;
24) мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы Агенттік төрағасына баяндайды;
25) мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздейді;
26) Агенттік төрағаның басшылық ететін Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
27) алынып тасталды.
1) қаржылық есеп беру аудитіне қатысу;
2) Агенттiктiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерiнде, ведомстволық бағынысты ұйымдарда олардың қызметiнiң барлық бағыттары бойынша, оның iшiнде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасына тиiмдiлiк аудитiн жүргiзу;
3) Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағыныстағы ұйымда сәйкестік аудитін жүргізу;
4) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін, көлемін, бағасын, саны мен сапасын қоса алғанда, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің сақталуына және шарт талаптарының орындалуына аудит жүргізу;
5) Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағыныстағы ұйымда олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуіне бағалау жүргізу;
6) бюджеттік шығыстарға байланысты Агенттіктің стратегиялық құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді талдау;
7) Агенттіктегі тауарлы-материалдық қорлардың және басқа да мүліктің сақталуын тексеру;
7-1) республикалық және коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізу;
8) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты тиісті ақпаратты тыңдайды;
9) Агенттік төрағасына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу жөніндегі ұсынымдармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті ұсыну, анықталған кемшіліктерді жою, ведомстволық бағыныстағы ұйымдағы Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру;
10) Агенттік төрағасының жылдық жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау;
11) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
12) жыл сайын Агенттік төрағасына, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға атқарылған жұмыс туралы есеп береді;
13) егер тиiстi объектiлер Қазақстан Республикасы Жоғарғы есеп палатасының, тексеру комиссияларының және iшкi мемлекеттiк аудит жөнiндегi уәкiлеттi органның мемлекеттiк аудит объектiлерiнiң тiзбесiне енгiзiлмеген болса, Агенттiк Төрағасының тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттiк аудит жүргiзу;
14) алынып тасталды
15) жыл сайын Агенттік төрағасына, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы жылдық есепті ұсыну.
3-тарау. ІАҚ қызметін ұйымдастыру