№ 214/НҚ от 24.09.2024
«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің
мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы
11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде:
2-бөлімнің:
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
15. |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Нұра ауданы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 4 |
1) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын Бірыңғай байланыс орталығы; |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 9) тармақшасы |
|
2) отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық қызмет функцияларын орындайтын отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі «111» байланыс орталығы. |
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабының 29-1) тармақшасы, 67-1-бабының 1-тармағы |
».
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы |
М. Омаров |