Кедергілер кеңесінің №7 Хаттамасы
28 маусым 2024 жыл (17:00 с.) Талдықорган қ.
Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.
Хатшы: А. Лепесбаева
Қатысқандар: Кедергілер кеңесінің мүшелері
|
№ |
Қатысушылар |
лауазымы |
|
1 |
Просяйникова Светлана Владимировна |
«Корпорация «Жетысу Газ» АҚ қаржы директоры Төрайымның орынбасары |
|
2 |
Кальменова Маржан Тынысбековна |
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы |
|
3 |
Керимбаев Думан Жармухаметович |
ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары |
|
4 |
Казакпаев Эдиль Юрьевич |
«Біз бірге күштіміз» Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. |
|
5 |
Саргалдаков Жанатбек Садвакасович |
«Сардар ЛТД» ЖШС директоры |
|
6 |
Темиргалиев Нуржан Бауржанович |
«Коллонада» ЖШС директоры. |
|
7 |
Софин А.А. |
«Софин» ЖК басшысы |
|
8 |
Имагамбетов Арман Кудайбергенович |
«PCD Group» ЖШС коммерициялық директоры |
|
9 |
Савинов Геннадий Иванович |
«Текели ГМЗ» ЖШС директорының кеңесшісі |
|
10 |
Молдасаметова Роза Шаяхметовна |
«Business Hub» РҚБ-нің президенті |
|
11 |
Исагулова Арай Саветкановна |
Атамекен ҚР ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-консультанты |
Күн тәртібі:
Кеңес отырысында, қатты тұрмыстық қалдықтар шығару саласындағы проблемалық мәселелер мен кедергілер көтерілді.
Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 367 бабының 4 тармағына сәйкес, орталықтандырылған жүйені жергілікті атқарушы орган осы Кодекстің талаптарына және коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізу арқылы ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2017 жылғы 15 қыркүйектегі №568 бас жоспарға сәйкес Талдықорған қаласының әкімшілік шекарасына: Талдықорған қаласы, Еркін және Өтенай ауылдық округтері кіреді. Сәйкесінше, коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызметтерді жеткізушілерді айқындау жөніндегі тендер қала және ауылдық округтер бойынша бірыңғай конкурспен емес, жекелеген лоттармен өтуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 бекіткен Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес конкурс (тендер) өткізу кезінде жергілікті атқарушы орган елді мекендердің әкімшілік-аумақтық шекараларын ескере отырып, лоттарды (маршруттарды) бөледі.
Алайда, ТКШ бөлімімен коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызметтерді жеткізушіні айқындау кезінде тендерді, елді мекендердің-Талдықорған қаласы, Еркін және Өтенай ауылдық округтерінің әкімшілік-аумақтық шекараларын ескермей, лоттарға (маршруттарды) бөлмей, бірыңғай конкурс өткізген. Коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсетушілерді анықтау кезінде тендердің жеңімпазы "жаңа Сана" ЖШС болып анықталды.
Осылайша, өткізілетін тендер Еркін және Өтенай ауылдық округтерінде ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсете алатын нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікті шектеуге әкеп соғады.
Ұсынылған шешім:
Департамент «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-мен өткізілген конкурс кезіндегі іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзылуына тексеру және тиісті шаралар қолдану.
Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:
Кедергілер
Кеңесінің төрайымы С.П. Иванова
Хатшы ___________ А.Лепесбаева