Кедергілер кеңесінің №14 Хаттамасы
28 тамыз2024 жыл (17:00с.) Талдықорган қ.
Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.
Хатшы: А. Лепесбаева
Қатысқандар: Кедергілер кеңесінің мүшелері
|
№ |
Қатысушылар |
лауазымы |
|
1 |
Просяйникова Светлана Владимировна |
«Корпорация «Жетысу Газ» АҚ қаржы директоры Төрайымның орынбасары |
|
2 |
Кальменова Маржан Тынысбековна |
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы |
|
3 |
Керимбаев Думан Жармухаметович |
ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары |
|
4 |
Казакпаев Эдиль Юрьевич |
«Біз бірге күштіміз» Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. |
|
5 |
Саргалдаков Жанатбек Садвакасович |
«Сардар ЛТД» ЖШС директоры |
|
6 |
Темиргалиев Нуржан Бауржанович |
«Коллонада» ЖШС директоры. |
|
7 |
Софин А.А. |
«Софин» ЖК басшысы |
|
8 |
Имагамбетов Арман Кудайбергенович |
«PCD Group» ЖШС коммерициялық директоры |
|
9 |
Савинов Геннадий Иванович |
«Текели ГМЗ» ЖШС директорының кеңесшісі |
|
10 |
Молдасаметова Роза Шаяхметовна |
«Business Hub» РҚБ-нің президенті |
|
11 |
Исагулова Арай Саветкановна |
Атамекен ҚР ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-консультанты |
Күн тәртібі:
Кеңес отырысында, кондоминиум объектісін басқару саласындағы проблемалық мәселелер мен кедергілер көтерілді .
Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.
Үлгілік жарғының 17-тарауының 6-тармағына сәйкес, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы жиналыста пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасынан бір жыл мерзімге сайланады. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесімен тұрақты тұратын пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің балалары (оның ішінде асырап алған балалары), ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы) мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы болып сайлана алады.
Мәселе мынада, көбінесе меншік иелері немесе жақын туыстары арасында төраға лауазымына ниет білдірушілер болмайды немесе мысалы, қазіргі төраға өз мүлкін сатып кетуі мүмкін. Бұл ретте, жаңа төраға сайланғанға дейін, қазіргі төраға осы МИБ-нің кепілі және жауапты тұлғасы болып табылады.
Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар ай сайын жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Тұрғын үй қатынастары туралы заңының 50 бабының 6 тармағына сәйкес, Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі осы Заңның 42-1-бабы 2-тармағының 6-1), 9), 10), 12) және 12-1) тармақшаларында айқындалған төлемдер бойынша берешекті өтемеген кезде мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не сенімхат негізінде көппәтерлі тұрғын үйдің басқарушысы не басқарушы компания не тұрғын үй инспекциясымен жасалған шарт негізінде уақытша басқарушы компания төлем белгіленген күннен кейін үш ай өткен соң берешекті өндіріп алу туралы нотариусқа немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың мөлшері пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесіне мөлшерлес белгіленеді.
Белгіленген төлем күнінен кейін үш ай мерзім тиімсіз және тым ұзақ болып табылады, сәйкесінше МИБ-нің бюджетіне елеулі кассалық алшақтықтарға әкеп соғады және тиісінше жалпы үй мүлкін күтіп-ұстау қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Сондай-ақ, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен берешекті нотариус атқарушылық жазба жасау арқылы өндіріп алу мынадай нормативтік актілерге негізделеді:
- "Нотариат туралы"ҚР Заңы
-"Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы "ҚР Заңы
Қарызды өндіріп алу процесі келесі кезеңдерді қамтиды:
- атқарушы жазба жасату бойынша нотариуска арыздану үшін құжаттар жинау;
- нотариусқа өтініш жасау және берешекті есептеу;
-нотариустың атқарушылық жазба жасауы;
- борышкердің қойылған талаптарға қарсылық беруі;
- меншік иесінің берешегін өтеу.
Бұл ретте өтініш жасау және берешекті есептеу үшін борышкердің ЖСН талап етіледі. Сонымен қатар, адвокаттық сұрау салуынсыз атқарушы органдар ЖСН мәліметтерді ұсынбайды.
Ұсынылған шешім:
Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі осы Заңның 42-1-бабы 2-тармағының 6-1), 9), 10), 12) және 12-1) тармақшаларында айқындалған төлемдер бойынша берешекті өтемеген кезде мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не сенімхат негізінде көппәтерлі тұрғын үйдің басқарушысы не басқарушы компания не тұрғын үй инспекциясымен жасалған шарт негізінде уақытша басқарушы компания белгіленген төлем күнінен кейін он күн өткен соң берешекті өндіріп алу туралы нотариусқа немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:
Кедергілер
Кеңесінің төрайымы С.П. Иванова
Хатшы ___________ А.Лепесбаева