Кедергілер кеңесінің №13 Хаттамасы
27 тамыз 2024 жыл (16:00 с.) Талдықорган қ.
Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.
Хатшы: А. Лепесбаева
Қатысқандар: Кедергілер кеңесінің мүшелері
|
№ |
Қатысушылар |
лауазымы |
|
1 |
Просяйникова Светлана Владимировна |
«Корпорация «Жетысу Газ» АҚ қаржы директоры Төрайымның орынбасары |
|
2 |
Кальменова Маржан Тынысбековна |
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы |
|
3 |
Керимбаев Думан Жармухаметович |
ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары |
|
4 |
Казакпаев Эдиль Юрьевич |
«Біз бірге күштіміз» Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. |
|
5 |
Саргалдаков Жанатбек Садвакасович |
«Сардар ЛТД» ЖШС директоры |
|
6 |
Темиргалиев Нуржан Бауржанович |
«Коллонада» ЖШС директоры. |
|
7 |
Софин А.А. |
«Софин» ЖК басшысы |
|
8 |
Имагамбетов Арман Кудайбергенович |
«PCD Group» ЖШС коммерициялық директоры |
|
9 |
Савинов Геннадий Иванович |
«Текели ГМЗ» ЖШС директорының кеңесшісі |
|
10 |
Молдасаметова Роза Шаяхметовна |
«Business Hub» РҚБ-нің президенті |
|
11 |
Исагулова Арай Саветкановна |
Атамекен ҚР ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-консультанты |
Күн тәртібі:
Кеңес отырысында, жолаушылар тасымалы қызметі саласындағы проблемалық мәселелер мен кедергілер көтерілді .
Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.
Жолаушылар мен багажды тұрақты республикаішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен реттеледі.
Осы Қағидалардың 170-тармағына сәйкес конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін Комиссияға конкурстық құжаттамаға қоса берілген конвертке салынған тиісті құжаттарды қоса бере отырып, тиісті лот бойынша конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну қажет.
Осы Қағидалардың 171-тармағына сәйкес комиссияның хатшысы Конкурс туралы жарияда көрсетілген мерзiмiнде берiлген өтiнiмдердi қабылдайды да, қатысушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама (анықтама) берiледi, содан кейiн конкурстық ұсыныстарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзбейді.
Жоғарыда айтылғандай, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты республикаішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар қағаз жүзінде өткізіледі.
Ұсынылған шешім:
Тұрақты маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімін электрондық форматқа көшіру және автоматтандыруға жеткізу, бұл қатысушылар арасындағы ашықтық пен тең бәсекелестікті қамтамасыз етеді.
Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:
Кедергілер
Кеңесінің төрайымы С.П. Иванова
Хатшы ___________ А.Лепесбаева