Кедергілер кеңесінің №12 Хаттамасы

Кедергілер кеңесінің №12 Хаттамасы

 

22 тамыз 2024 жыл (с. 11:00)                                                  Талдықорган қ.

 

Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.

Хатшы: А. Лепесбаева

 

Қатысқандар:  Кедергілер кеңесінің мүшелері

№

Қатысушылар

лауазымы

1

Просяйникова Светлана Владимировна

«Корпорация «Жетысу Газ» АҚ қаржы директоры   

Төрайымның орынбасары

2

Кальменова Маржан Тынысбековна

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы

3

Керимбаев Думан Жармухаметович

ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

4

Казакпаев Эдиль Юрьевич

«Біз бірге күштіміз» Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

5

Саргалдаков Жанатбек Садвакасович

«Сардар ЛТД» ЖШС директоры

6

Темиргалиев Нуржан Бауржанович

«Коллонада» ЖШС директоры.

7

Софин А.А.

«Софин» ЖК басшысы

8

Имагамбетов Арман Кудайбергенович

«PCD Group» ЖШС коммерициялық директоры

9

Савинов Геннадий Иванович

«Текели ГМЗ» ЖШС директорының кеңесшісі

10

Молдасаметова Роза Шаяхметовна

«Business Hub» РҚБ-нің президенті

11

Исагулова Арай Саветкановна

Атамекен ҚР ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-консультанты

 Күн тәртібі:

  • Салттық қызметтер;

 Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.

          «СПС Сервис» ЖШС өкілі келесіні хабарлады:

         Мемлекеттік сатып алу порталында  конкурсының атауы «Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туыс-туғандары жоқтарды жерлеу», яғни әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптарға сәйкес 4 бірлік зираттарға қызмет көрсету және туысы жоқ денелерді көму болып табылады. Осыған байланысты өнім беруші бір мезгілде екі қызмет көрсетуге міндеттенеді, осылайша қызметті жүргізу процесі күрделене түседі, жұмыстардың сапасыз орындалуы және мемлекеттік бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану орын алады.

         Осы орайда, сатып алуды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу бойынша конкурсты жариялау барысында, конкурсты  жеке-жеке жариялау орынды деп санаймыз.

Ұсынылған шешім:

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі-Департамент) «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу бойынша конкурсты  жеке-жеке жариялау туралы хат жолданады.

 

Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:

  1. Департамент тапсырыс берушілерге және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға осы мәселе бойынша хат жіберіледі.
  2. Проблемалық мәселелер мен кедергілер Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне қарау және Кедергілер картасына енгізу үшін жіберілсін.
  3. Департамент Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына қатысты, құқықтық және консультативтік мәселелер бойынша көмек көрсету жалғастырады.
  4. Жиналысқа қатысушылар тауар нарығында шығатын кедергілерді анықтау және жою бойынша ұсыныстар енгізу.

 

 

Кедергілер  Кеңесінің төрайымы                                      С.П. Иванова

 

 

Хатшы ___________  А.Лепесбаева

 

 

Кедергілер кеңесінің №12 Хаттамасы
Дата публикации
26 сентября 2024