Кедергілер кеңесінің №11 Хаттамасы

Кедергілер кеңесінің №11 Хаттамасы

 

 

13 тамыз2024 жыл (17:00с.)                                                  Талдықорган қ.

ZOOM арқылы

 

Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.

Хатшы: А. Лепесбаева

 

Қатысқандар:  Кедергілер кеңесінің мүшелері

№

Қатысушылар

лауазымы

1

Кальменова Маржан Тынысбековна

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы

2

Керимбаев Думан Жармухаметович

ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

3

Казакпаев Эдиль Юрьевич

«Біз бірге күштіміз» Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

4

Саргалдаков Жанатбек Садвакасович

«Сардар ЛТД» ЖШС директоры

5

Темиргалиев Нуржан Бауржанович

«Коллонада» ЖШС директоры.

6

Софин А.А.

«Софин» ЖК басшысы

7

Имагамбетов Арман Кудайбергенович

«PCD Group» ЖШС коммерициялық директоры

8

Савинов Геннадий Иванович

«Текели ГМЗ» ЖШС директорының кеңесшісі

9

Молдасаметова Роза Шаяхметовна

«Business Hub» РҚБ-нің президенті

10

Исагулова Арай Саветкановна

Атамекен ҚР ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-консультанты

 

          Күн тәртібі:

Кеңес отырысында,тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде пациенттерге скринингтік тексерулер бойынша қызметтер көрсету саласындағы проблемалық мәселелер мен кедергілер көтерілді .

Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қағидалардың 61-тармағына сәйкес, денсаулық сақтау субъектілері бірлесіп орындаушы ретінде пациенттерге медициналық ұйым мен дәрігерді еркін таңдау құқығын іске асыру кезінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.

Біздің Жетісу облысы бойынша, скринингтік тексерулерді орталық және қалалық ауруханалар жүргізеді. Алайда, ауруханалар осы саладағы облыстың барлық зертханаларымен келісім-шарт жасамайды. Ауруханаға тіркелген науқастар келісім-шарт жасалған зертханаға тексеруге барады. Шарттар 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге жылдың басында жасалады, сол арқылы нарықтың басқа субъектілеріне тиісті тауар нарығына тең емес қолжетімділік жасайды. Ауруханалар пациенттердің тілектерін ескермей, жоғарыда аталған қызметтерді көрсету үшін бірлесіп орындаушыны дербес таңдайтыны айтылды.

Ұсынылған шешім:

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" ережеге, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде пациенттерге скринингтік тексерулер бойынша қызметтер көрсету нарығындағы барлық субъектілермен бірлесіп орындау шарттарын жасасу арқылы тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:

  1. Проблемалық мәселелер мен кедергілер Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне қарау және Кедергілер картасына енгізу үшін жіберілсін.
  2. Департамент Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына қатысты, құқықтық және консультативтік мәселелер бойынша көмек көрсету жалғастырады.
  3. Жиналысқа қатысушылар тауар нарығында шығатын кедергілерді анықтау және жою бойынша ұсыныстар енгізу.

 

 

 Кедергілер

 Кеңесінің төрайымы                                                                        С.П. Иванова

 

 

 

Хатшы ___________  А.Лепесбаева

Кедергілер кеңесінің №11 Хаттамасы
Дата публикации
26 сентября 2024