«ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНҒА ЕСЕПТЕРДІ ҰСЫНУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 5) тармақшасына сәйкес монополияға қарсы орган тауар биржасының монополияға қарсы органға есептер ұсыну қағидаларын бекітеді.
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 15 мамырдағы № 118-НҚ бұйрығымен бекітілген Тауар биржалары қызметі әкімшілік деректерінің көрсеткіштерін қалыптастыру (есептеу) әдістемесіне сәйкес монополияға қарсы орган тауар биржаларының қызметі туралы әкімшілік деректер көрсеткіштерін ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Тауар биржалары қызметінің әкімшілік деректерінің көрсеткіштерін жедел қалыптастыру (есептеу) және Агенттіктің интернет-ресурсында одан әрі орналастыру мақсатында бұйрық жобасымен өткізілген биржалық сауда-саттық бойынша есепті монополияға қарсы органға ұсыну мерзімін өзгерту, сондай-ақ тауар биржалары қызметінің әкімшілік деректерінің кеңейту жоспарланып отыр.
Барлық мүдделі тараптарды бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен «Ашық НҚА» порталында:
- https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15158436 (қазақ тілінде)
- https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15158436 (орыс тілінде)
Бұйрық жобасына ескертулер мен ұсыныстар d.orazmbetov@azrk.gov.kz
электрондық мекенжайға қабылданады.