Кедергілер кеңесінің №8 Хаттамасы

Кедергілер кеңесінің №8 Хаттамасы

 

 

30 шілде 2024 жыл (с. 16:00)                                                  Талдықорған қ.

 

Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.

Хатшы: А. Лепесбаева

 

Қатысқандар:  Кедергілер кеңесінің мүшелері

№

Қатысушылар

Лауазымы

1

Просяйникова Светлана Владимировна

«Корпорация «Жетысу Газ» АҚ қаржы директоры   

Төрайымның орынбасары

2

Кальменова Маржан Тынысбековна

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы

3

Керимбаев Думан Жармухаметович

ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

4

Казакпаев Эдиль Юрьевич

«Біз бірге күштіміз» Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

5

Саргалдаков Жанатбек Садвакасович

«Сардар ЛТД» ЖШС директоры

6

Темиргалиев Нуржан Бауржанович

«Коллонада» ЖШС директоры.

7

Софин А.А.

«Софин» ЖК басшысы

8

Имагамбетов Арман Кудайбергенович

«PCD Group» ЖШС коммерициялық директоры

9

Савинов Геннадий Иванович

«Текели ГМЗ» ЖШС директорының кеңесшісі

10

Молдасаметова Роза Шаяхметовна

«Business Hub» РҚБ-нің президенті

11

Исагулова Арай Саветкановна

Атамекен ҚР ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-консультанты

 

Жетісу облысының «Атамекен» ҰКП жанындағы жеке білім беру салалық кеңесінің төрағасы - Ахмеджанова Маржан Мұратқызы қатысты.

Күн тәртібі:

  • Мектепке дейінгі балаларға білім беру қызметтері;

 Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.

         Жетісу облысының «Атамекен» ҰКП жанындағы жеке білім беру салалық кеңесінің өкілі жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар қаржыландыру тұрғысынан мемлекеттік балабақшалармен тең емес позицияда екенін хабарлады.

            Яғни, қолданыстағы НҚА бойынша жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру сомасы кез келген меншік нысанындағы балабақшалар үшін бірдей болуы тиіс. Алайда, іс жүзінде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда айына 1-ші тәрбиеленушіге арналған бюджеттен қаржыландыру сомасы Мемлекеттік ұйымдарға қарағанда төмен екенін көреміз.

         Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мемлекеттік мекемелермен тең дәрежеде Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесіне кіреді, демек, мемлекеттік балабақшамен тең дәрежеде мемлекеттік аттестаттауға жатады. Бұл білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім. Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарынан білікті мамандардың болуын талап етеді және педагогтарды ынталандыру үшін Министрлік жалақыға деңгейлік қосымша төлемдер енгізді.

         2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік балабақша педагогтары санаттар үшін келесідей қосымша ақы алады:

педагог-шебер – лауазымдық жалақының 50%

педагог-зерттеуші – лауазымдық жалақының 40% 

педагог-сарапшы – лауазымдық жалақының 35% 

педагог-модератор – лауазымдық жалақының 30%.

         Мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жекеменшік балабақшалар аттестаттаудан өту қағидалары бойынша өз педагогтерінен өздерінің біліктілік санаттарын арттыруды талап етеді. Бірақ санаттар үшін педагогтарға қосымша ақы төлеу мүмкін емес, өйткені жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесінде (ҚР БҒМ №597 бұйрығы) санаттар үшін қосымша төлем коэффициенті көзделмеген.

         «Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20622 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына сәйкес қосымша ақылар Республикалық бюджеттен мемлекеттік ұйымдардың педагогтеріне ғана жеке трансфертпен жүзеге асырылады.

         Демек, жеке мектепке дейінгі ұйымдар мен мемлекеттік ұйымдарды салыстырғанда мұғалімдерді қаржыландыру шарттарының теңсіздігі орын алады және осы себептен жыл сайын жеке балабақшалардан жақсы білікті мұғалімдер кетуге мәжбүр болады.

         Сонымен қатар, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі» ҚР Білім министрлігі ҚР Үкіметінің № 1193 қаулысына тиісті түзетулер жобасын әзірледі. Онда техникалық персоналдың жалақысын кезең - кезеңімен арттыру көзделген: 2022 жылы – 21% - ға, 2023 жылы – 23% - ға, 2024 жылы – 26% - ға, жалпы техникалық персоналға жалақыны 71% - ға арттыру көзделген. Бұл ретте жан басына шаққандағы қаржыландыру формуласына бұл өзгерістер ешқашан енгізілмеген. Демек, бұл шығыстар мемлекеттік балабақшаларға республикалық бюджеттен жеке трансфертпен өтеледі. Тағы да, жеке балабақшаларға бұл мәселеде тең емес жағдайда болды. Бұл шығындарды ата-аналардың төлеміне қосуға мүмкіндік жоқ, өйткені біздің қалада, әсіресе аудандар мен ауылдарда халықтың төлем қабілеттілігі өте төмен. Бұл ретте, жеке балабақшалардағы кадрлардың ауысуы мен кадрлардың тапшылығы жыл сайын күшейе түседі.

         Білім министрлігі 2024 жылы балабақша тәрбиешілерінің жалақысын тағы 30 пайызға көтеруді жоспарлап отыр, бұл үшін бюджеттен 96 миллиард теңге бөлінеді. Алайда, техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы мәселе хабарсыз.

         Осыған байланысты, Үкімет көздеген білім беру ұйымдарындағы техникалық персоналдың жалақысын арттыру, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру формуласына енгізілуі тиіс және тек мемлекеттік балабақшалар үшін жеке трансфертпен жүрмеуі тиіс деп есептейміз.

         Ұсынылған шешім:

  1. «Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20622 тіркелген қолданыстағы нормативтік-құқықтық актіге, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына атауы мен мазмұны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау, онда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының құқықтары ескерілуі тиіс.

 Педагогтерге еңбекақы төлеу үстемесін реттеу немесе жеке мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін қосымша дербестендірілген қаржыландыру туралы шешім қабылдау мәселесін НҚА (регламенттерін) әзірлеу мәселесін қарастыру.

  1. Үкімет көздеген білім беру ұйымдарындағы Техникалық персоналдың жалақысын арттыру жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру формуласына енгізілуі тиіс деп есептейміз, бұл орайда жеке балабақша ұйымдарындағы техникалық персонал да жалақыға өз үстемеақыларын ала алады.

Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:

  1. Проблемалық мәселелер мен кедергілер Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне қарау және Кедергілер картасына енгізу үшін жіберілсін.
  2. Департамент Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына қатысты, құқықтық және консультативтік мәселелер бойынша көмек көрсету жалғастырады.
  3. Жиналысқа қатысушылар тауар нарығында шығатын кедергілерді анықтау және жою бойынша ұсыныстар енгізу.

 

 

Кедергілер  Кеңесінің төрайымы                                      С.П. Иванова

 

 

Хатшы ___________  А.Лепесбаева

 

 

Кедергілер кеңесінің №8 Хаттамасы
Дата публикации
31 июля 2024