«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық Әділет министрлігінде 29.07.2024 жылы №38425 тіркелді.

Осы Бұйрық Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 48), 49) және 52) тармақшаларына сәйкес әзірленді.

Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысаны шағым жасау тәртібімен толықтырылды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне жүктемені азайту мақсатында сұрау салу бойынша (қажет болған жағдайда) ақпарат алу мүмкіндігін көздейтін тоқсан сайынғы есептілікті жойылды.

Сондай-ақ келісу комиссиясы қабылдайтын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы шешімге сәйкес, тексеру нәтижелері тиісті актімен рәсімделіп және оған лауазымды адамдар қол қояды.

Алдында бұйрық жобасы Агенттіктің сайтында  https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/695703?lang=ru сілтемесі бойынша орналастырылған.

 

 

Дата публикации
30 июля 2024