Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабының 4-тармағына және 33-бабының 3-тармағына, «2024 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы                 № 1108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 наурыздағы № 244 қаулысына                  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін.
  2. Әкімшілік-қаржы департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау аппарат басшысына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                                              М. Омаров

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»                                                      

 

Қазақстан Республикасының                          

Қаржы министрлігі 

 

Дата публикации
23 июля 2024