Мұнай өңдеу тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау бойынша қорытынды
Астана қаласы 2024 жылғы маусым
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Агенттіктің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау үшін мұнай өңдеу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.
Талдау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабына және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 13 бұйрығымен бекітілген Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемеге (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес жүргізілді.
Талдаудың мақсаты:
- Қазақстан Республикасы бойынша мұнай өңдеу тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау;
- мұнай өңдеу тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау;
- негізгі қуат иелерін анықтау (Агенттіктің Басқармасы отырысының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 0/5297-вн хаттамасы)
Талдауды орындау үшін мынадай материалдар пайдаланылды:
Осы Талдауды жүргізу кезінде Агенттік «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» (бұдан әрі – Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заң», «Табиғи монополиялар туралы», «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және т.б. басшылыққа алды.
Талдау барысында мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылды:
мұнай – шикі мұнай, газ конденсаты, тақтатасты мұнай, сондай-ақ шикі мұнайды тазартқаннан кейін және жанғыш тақтатастарды, мұнай битумды жыныстарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
мұнай өнімдерін өндіру – мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ компаундтеу жөніндегі жұмыстар кешені;
мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші – жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;
мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісі – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдық, резервуарлық парк, техникалық құрылғылар мен коммуникациялар;
өндіріс паспорты – мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, өндірістің технологиялық үдерісін сақтау үшін қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат;
қайта өңдеу өнімдері – мұнай өнімдерін өндіруші (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) кейіннен қайта өңдеуі үшін жарамды болатын шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу өнімдері;
мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектісі – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдық, резервуарлық парк, техникалық құрылғылар мен коммуникациялар;
мұнай жеткізуші – мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салық ретінде дербес өндірілген, алған, жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей импортталған немесе сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда осы Заңда белгіленген шарттарда;
мұнай беруші – өзі дербес өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, Қазақстан Республикасының аумағына өзі дербес әкелген (оның ішінде импорттаған) және (немесе) өзара байланысты жер қойнауын пайдаланушыдан және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін және осындай мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған мұнай өнімдерін осы Заңда белгіленген шарттармен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкес шикі мұнайды қайта өңдеу қызметтердің негізгі тұтынушылар мұнайды мұнайдан өндірілетін өнімдерді алу үшін мұнай өңдеу зауыттарына (бұдан әрі – МӨЗ) беретін мұнай берушілер болып табылады.
ҚР МЕМСТ ИСО 1998-4-2004 (ИСО 1998-4; 1998, IDT) шикізат (мұнай) тауарлық өнімдерге айналатын тазарту, мұнай крекингі және т.б. процесі ретінде мұнайды қайта өңдеуге анықтама береді.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан аумағында К4 және К5 экологиялық класты бензин мен дизель отыны қолданылады. ҚР-да үш ірі МӨЗ: жаңғыртудан өткен «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (бұдан әрі – ПМХЗ), «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (бұдан әрі – АМӨЗ) және К4 және К5 экологиялық кластардың талаптарына сай «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС (бұдан әрі – ПКОП) бар.
Өз кезегінде шағын МӨЗ-дер құрамында Кеден одағы қабылдаған «Автомобиль бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» КО ТР 013/2011 Техникалық Регламентіне сәйкес үшінші экологиялық кластан жоғары отын өндіруге мүмкіндік беретін технологиялық қондырғылар жоқ.
Сонымен қатар, өткізілген гипотетикалық монополист тестіне сәйкес (https://forms.GLE/tuVd53kwmVnx9jvq6) талданатын нарықтың тұтынушылары (олар бойынша шикі мұнайды қайта өңдеуді жүзеге асыру қажет жеке және/немесе заңды тұлғалар) МӨЗ-де мұнайды қайта өңдеу қызметтердің бағасы 5-10%-ға ұлғайған жағдайда, МӨЗ көрсететін қызметті шағын МӨЗ қызметімен ауыстыруға дайын емес.
Осылайша, санамаланған сипаттамаларға сүйене отырып, талданатын МӨЗ-де қайта өңдеу қызметі шағын МӨЗ-дегі қызметпен алмастырылмайды, яғни өзінің тұтынушылық қасиеттері бойынша алмастырғыштары жоқ және қызметтердің біртекті тауарлық тобы болып табылады.
Қазіргі кезде К4, К5 сапасына сәйкес келетін мұнай өнімдерін алу үшін мұнайды қайта өңдеу МӨЗ-де ғана жүзеге асырылады, бұл ретте мұнай өнімдерін өндіру үшін шикізаттың өзге түрлерін жеткізу, сондай-ақ осы сапа класындағы мұнай өнімдерін алудың өзге тәсілдерін пайдалану мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, мұнай өңдеу процесінің алмастырғыштары жоқ, тауар шекаралары болып мұнайды қайта өңдеу қызметі айқындалды.
Әдістеменің 17-тармағына сәйкес нарық шекаралары тауарларды сатып алудың қолжетімділігі ескеріле отырып, мынадай өлшемшарттар бойынша айқындалады:
1) осы аумақта тауар сатып алу мүмкіндігі;
Мұнайды қайта өңдеу қызметтері тұтынушылар жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады, тиісінше МӨЗ-ге мұнай жеткізу Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында орналасқан кен орындарынан жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 130-бабында көзделген, оған сәйкес олар ішкі нарықтың мұқтаждарына жеткізу кестелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеу үшін мұнай жеткізуді жүзеге асыруға міндетті. Жеткізу кестесін қалыптастыру көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
Мұнайды жеткізу кестесі шеңберінде магистральдық мұнай құбырлары жүйесі мен теміржол бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың ресурстары экспортқа бөлінеді және Мұнайды өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру жоспары ескеріле отырып, МӨЗ-ге жеткізіледі
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 18-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілер қуаттарының барынша жүктелуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдеріне қажетін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган алдағы күнтізбелік жылға, қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, Мұнай өнімдерін өндірушілер үшін мұнайды, қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарын бекітеді.
Мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспары шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің көлемін айқындайды, оны мұнай өнімдерін өндіруші Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерінің болжалды тұтынылуын ескере отырып, күнтізбелік жыл ішінде мұнай өнімдерінің тиісті түрлерін өндіру үшін ай сайын қайта өңдеуге міндетті.
Мұнайды жөнелту ҚР ішкі нарығына мұнайды жеткізу кестесіне қатаң сәйкес жүзеге асырылады.
2) тауардың құнына қатысты алғанда көлiктiк шығындардың негiздiлiгi мен өзiн ақтайтындығы;
Мұнайды ішкі нарыққа тасымалдау қызметтеріне тарифтерді табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ құбырлары арқылы 1 000 км-ге 1 тонна мұнай тасымалдау тарифінің құны 2021 жылдан бастап – 4355,57 теңгені, ал 2023 жылғы шілдеден бастап – 4849,39 теңгені ҚҚС-сыз құрады, желілердің жалпы ұзындығы 8,4 мың км, «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлары кен орындары мен Қазақстан Республикасының барлық МӨЗ-ін байланыстырады.
МӨЗ-дегі қайта өңдеу бағасы жөнелтушінің (жер қойнауын пайдаланушының не мұнай берушінің) көлік шығындарына байланысты емес.
3) тауарды тасымалдау кезiнде оның сапасын, сенiмдiлiгi мен басқа да тұтынушылық қасиеттерiн сақтауы;
Мұнайды қайта өңдеу қызметі және оның сапасы мұнайды тасымалдау әдісіне байланысты емес.
Мұнайды магистральдық құбырлар, автомобиль, теміржол және теңіз көлігі арқылы тасымалдау МЕМСТ сәйкес жүзеге асырылады.
4) тауарларды сатып алу-сатуға, әкелу мен әкетуге шектеулердiң (тыйым салулардың) болмауы;
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 12-бабының 8) және 10) тармақшаларына сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілер:
- мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
- мұнай берушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда) тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы Заңның 18-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген шикі мұнайдың, газ конденсатының, қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін растайтын құжаттар болған кезде оларды сатып алуға, қайта өңдеуге қабылдауға міндетті.
Мұнай өңдеу қызметін сатып алу бойынша әкімшілік шектеулер Энергетика министрлігі атынан уәкілетті орган бекітетін мұнайды ішкі нарыққа жеткізу жоспары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген Мұнай берушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеуге қол жеткізу қағидаларында мұнай берушілердің мұнайды қайта өңдеуге қол жеткізуін беру тәртібі айқындалады.
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес мұнай берушіге мұнайды қайта өңдеуге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті, оның ішінде мынадай талаптар сақталған жағдайда:
1) мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шығу тегін растайтын құжаттың болуы;
2) мұнай жеткізушіде жеткізілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаттың болуы (сапа паспорты).
5) оның шегiнде тауарларды өткiзу, жеткізу жүзеге асырылатын аумақта бәсекелестікке тең жағдайлардың болуы бойынша.
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 18-бабының 8-тармағына сәйкес қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай берушілер және мұнай өнімдерін өндірушілер өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдан және (немесе) газ конденсатынан өндірілген мұнай өнімдерін беруді мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
Бұл ретте, Энергетика министрлігі қалыптастыратын Мұнайды жеткізу кестесін қалыптастыру қағидаларын ескере отырып, МӨЗ тұтынушының (кен орнының) орналасқан жеріне қарамастан, шикізатты зауыттар арасында бөлуді әкімшілік реттеумен байланысты өзара бәсекелестік жағдайында болады.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, мұнай өңдеу нарығының шекаралары болып Қазақстан Республикасы айқындалды.
Әдістеменің 27-тармағына сәйкес егер сатып алушылар бір уақыт кезеңінде сатып алынатын тауарды басқа уақыт кезеңінде сатып алынатын сол тауармен алмастырмаса және тұтынуда ауыстыруға дайын болмаса, онда уақыт аралығын таңдау кезінде осы таңдауды шарттайтын тауар нарығының сипаттамалары ескеріледі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұнай Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес республиканың ішкі нарығына МӨЗ-ге Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекітетін Мұнай жеткізу кестесіне сәйкес жыл ішінде үздіксіз жеткізіледі.
Осыған байланысты, зерделенетін тауар нарығы маусымдық болып табылмайды, тауар (мұнай) МӨЗ-ге жыл бойы үздіксіз жеткізіледі, МӨЗ-ге мұнайдың ай сайынғы жеткізілімдерінің біркелкі көлемі тауарды (мұнайды) тұтынуының өсуінің және құлдырауының жоқ екенін куәландырады, шарттар негізінен бір жылға жасалады.
Айтылғанның негізінде, зерттеудің уақыт аралығы болып 2021 – 2023 жылдар кезеңі айқындалды.
Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу саласының құрылымын АМӨЗ, ПМХЗ, ПКОП, «Caspi Bitum» ЖШС және «Конденсат» АҚ сияқты ірі МӨЗ-дер құрайды. АМӨЗ, ПМХЗ, ПКОП Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңғыртудан және реконструкциялаудан өтті.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес мұнай өңдеуді мынадай мұнай өңдеу зауыттары жүзеге асырады:
АМӨЗ, ПМХЗ, ПКОП, «Caspi Bitum» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қатысатын ұйымдар болып табылады. Бұл ретте, «Конденсат» АҚ өз мұнайын өңдеуді жүзеге асырады.
Мұнай өңдеудің қалған бөлігі сапасы төмен өнімдердің немесе жартылай фабрикаттардың көлемін өндіретін, мазутпен және төмен октанды бензинмен (АИ-80) қамтамасыз етуге қатысатын «шағын МӨЗ»-дердің үлесіне тиесілі, оны жаңғыртудан кейін үш негізгі ірі МӨЗ-де шығару тоқтатылды.
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкес қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші болып табылады, олардың жобалық қуаты шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жылына 800 мың тоннадан кем өңдеу көлемін көздейді.
Бұл ретте, Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның18-бабының 1-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілер қуаттарының барынша жүктелуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдеріне қажетін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган алдағы күнтізбелік жылға, қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, Мұнай өнімдерін өндірушілер үшін мұнайды, қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарын бекітеді.
Агенттік жоғарыда аталған МӨЗ-дерге, Энергетика министрлігіне, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға сұрау салу жіберді, олардың жауаптарына сәйкес мұнай өңдеуді жүзеге асыратын субъектілердің құрамы белгіленді:
1-кесте
|
№ |
МӨЗ атауы |
Мекенжайы |
Құрылтайшылар |
Сипаттамасы |
|
1 |
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС
|
Шымкент қаласы, Қапал батыр көшесі, 5. 8 7252 24 11 08 |
Valsera Holding B.V.- х% Osauhing MGN Dorpat-х% жеке тұлғалар– х%, бұл ретте Valsera Holding қатысушылары B.V. «ҚазМұнайГаз» ҰКАҚ - х % және CNPC E&D х% (КХР) болып табылады |
Зауыт 1985 жылы салынған, Қазақстанның үш МӨЗ-інің ең жаңасы. Мұнай өңдеудің негізгі түпкі өнімдері: түрлі маркалы бензин, дизель отыны, қазандық отын (мазут), авиациялық және жарықтандыру керосиндері, пеш отыны, сұйытылған газ және басқа да мұнай өнімдері. Мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылығы жылына 5,25 млн. тоннаны құрайды |
|
2 |
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС |
Атырау қаласы Зейнолла Қабдолов көшесі, 1 |
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ х%, «Алмаз Интернэшнл трейдинг компани» ЖШС-х % «A. G. Securities» ЖШС –х % «Компания A. G. Securities» ЖШС (лицензия кері қайтарып алынды) –х % Жеке тұлғалар – х % |
«АМӨЗ» ЖШС - ҚР мұнай өңдеу саласындағы алғашқы ірі зауыт, Ұлы Отан соғысы жылдарында екі жыл ішінде АҚШ-тан «ленд-лиз» бойынша жеткізілетін жабдықтарды жинақтау негізінде салынған, 1945 жылғы қыркүйекте пайдалануға берілген. Мұнай өңдеудің негізгі түпкі өнімдері: түрлі маркалы бензин, дизель отыны, қазандық отын (мазут), авиациялық және жарықтандыру керосиндері, пеш отыны, сұйытылған газ, битум, параксилол, бензол және басқа да мұнай өнімдері. Мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылығы жылына 5,5 млн. тоннаны құрайды |
|
3 |
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС |
Павлодар қаласы, Химкомбинатовская көшесі, 1 |
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – х % |
Зауыт 1978 жылы пайдалануға берілді және Батыс Сібір кен орындарының мұнай шикізатын өңдеуге бағытталған. Мұнай өңдеудің негізгі соңғы өнімдері: түрлі маркалы бензин, дизель отыны, қазандық отын (мазут), авиациялық және жарықтандыру керосиндері, пеш отыны, сұйытылған газ және басқа да мұнай өнімдері. Мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылығы жылына 6,000 млн. тоннаны құрайды, жүктеме 90%. |
|
4 |
«Caspi bitum» ЖШС |
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Промзона 5 |
CITIC Canada Petroleum Limited («CCPL») х %, бұл ретте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның х % үлесі бар CITIC Canada Energy Ltd. Соңғы «CITIC Canada Energy Ltd.» х % Қытай Халық Республикасының Үкіметінде болып табылады . |
Жол саласының жоғары сапалы жол битумына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада көзделген «Ақтау пластикалық масса зауытында жол битумдарын өндіру» жобасын іске асыру шеңберінде салынған. Мұнай өңдеудің негізгі түпкі өнімдері: битум, тазартылған (тауарлық) мұнай. Компания алыс қашықтықтағы шикізат схемасы негізінде «Қаражанбасмұнай» АҚ үшін ғана мұнай өңдеу және битум өндіру қызметтерін жүзеге асырады. |
|
5 |
«Конденсат» АҚ |
БҚО |
«Конденсат Холдинг LTD», «TPKL UK LLP», «Премиум холдинг» ЖШС-лері, Валерий және Наталья Джунусовтар |
Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны аумағында орналасқан. Мұнай өңдеудің негізгі түпкі өнімдері: түрлі маркалы бензин, дизель отыны, вакуумды газойл, шайыр. Мұнай өңдеудің жобалық қуаты жылына 846 мың тонна, жұмыс көлемі 6,5%. |
Кәсіпкерлік кодекстің 165-бабына сәйкес зерделенген құрылтай құжаттарының негізінде құрамында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС бар ҚазМұнайГаз тұлғалар тобы анықталды, құрылтайшыларының бірі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ болып табылатын.
Әдістеменің 58-тармағына және Кәсіпкерлік кодекстің 165-бабының 2-тармағына сәйкес ҚазМұнайГаз тұлғалар тобы біртұтас нарық субъектісі ретінде қаралады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның үлестік қатысуымен МӨЗ өңдеу үшін мұнай сатып алмай белгіленген тарифтер бойынша мұнай өңдеу қызметтерін көрсетеді және алынған мұнай өнімдерін сатпайды. Мұнай берушілер дайын мұнай өнімдерін өз бетінше сатады. МӨЗ өндірістік мәселелерге ғана назар аударады, нәтижесінде қайта өңдеу қызметі оңтайландырылады және шығындар азаяды.
Сонымен, АМӨЗ, ПМХЗ және ПКОП шикізатты өңдеудің алу-беру схемасы бойынша жұмыс істейді, яғни алынған шикізатты мұнай өнімдерінің әртүрлі түрлеріне өңдейді, содан кейін олар алушы-беруші компанияларға қайтарылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемі:
2021 жылы-16999,7 мың тонна,
2022 жылы-17900,032 мың тонна,
2023 жылы-17900 мың тонна.
Қазақстандық мұнайдың негізгі көлемі экспортқа жіберіледі. Шикі мұнай мен газ экспорттық түсімнің шамамен 60%-ын құрайды. Ішкі нарыққа елдің жер қойнауын пайдаланушылары өңдеу үшін ел бойынша өндірілетін мұнайдың шамамен 20%-ы жеткізіледі.
2021 – 2023 жылдар кезеңінде өңдеу үшін ішкі нарыққа мұнай өндіру және тиеп-жөнелту көлемі 2-кестеде келтірілген.
2-кесте.
2021-2023 жылдар кезеңінде өңдеу үшін мұнайды ішкі нарыққа өндіру және тиеп-жөнелту көлемі
|
Атауы |
Жыл |
|||
|
2021 |
2022 |
2023 |
||
|
1 |
2 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
Мұнай өндіру көлемі, мың тонна |
85879,5 |
84238,08 |
89806,2 |
|
2 |
ҚР МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемі, мың тонна |
17028 |
17922 |
17679 |
|
3 |
ҚР-дағы қайта өңдеу үлесі, % |
20% |
21% |
20% |
Осылайша, МӨЗ-де жалпы өндірілген мұнайдың бар болғаны 20%-ы ғана өңделеді.
Ішкі нарыққа мұнай жеткізуге қатыспайтын Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының өндірудің жалпы көлемінің 60%-ы мөлшеріндегі үлесін ескере отырып, негізгі «әлеуметтік жүктеме» кен орындарының «ескірген» тобына жататын жер қойнауын пайдаланушыларға түседі. Сонымен қатар, кен орындарының сарқылуына байланысты МӨЗ-ге газ конденсаттары, оның ішінде ӨБК шеңберінде Жайықмұнай, Дунга Оперейтинг, КПО конденсат жеткізіледі.
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар мұнайды жоғарыда көрсетілген МӨЗ-ге мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекітетін Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын жеткізу кестесіне сәйкес жеткізеді.
Мұнай иелерінің (жер қойнауын пайдаланушылардың) экономикалық және логистикалық құрамдас бөліктерін жеткілікті есепке алмай, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында МӨЗ-де қайта өңдеу қажеттіліктері негізге алынады.
Осылайша, Кодекстің 196-бабының талаптары сақталды, оған сәйкес нарық субъектілерінің үлесін жеткізу көлемінің үлесі жеткізудің жалпы көлемінде сексен бес пайыздан астам субъектілерден ақпарат болған кезде айқындауға болады.
3-кесте
2021-2023 жылдар үшін мұнай өңдеу бойынша нарық субъектілерінің үстем үлестерін есептеу
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
|||||||
|
Өңдеу көлемі / мың тонна |
Үлесі |
Үлесінің квадраты |
Өңдеу көлемі / мың тонна |
Үлесі |
Үлесінің квадраты |
Өңдеу көлемі / мың тонна |
Үлесі |
Үлесінің квадраты |
|||
|
ҚазМұнайГаз тұлғалар тобы |
16046 |
94,13 |
8861 |
16910 |
94,31 |
8895 |
16650 |
94,2 |
8870 |
||
|
Caspi bitum |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
||
|
«Конденсат» АҚ |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
||
|
Жиыны |
17046 |
100 |
х |
17930 |
100 |
х |
17679 |
100 |
х |
||
Мұнай өңдеудің негізгі көлемі республиканың негізгі 3 МӨЗ-іне: құрамында:
ҚазМұнайГаз тұлғалар тобы: «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС – 32; 30; 31%, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС – 32; 30; 31% және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – 31; 35; 33 % бар ҚазМұнайГаз тұлғалар тобына (94 %) тиесілі.
Кодекстің 172-бабының 4-тармағына сәйкес АМӨЗ, ПМХЗ, ПКОП жағдайы үстем деп танылады, себебі тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі, үшеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі елу және одан көп пайызды құрайтын болса немесе тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі, төртеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі жетпіс және одан көп пайызды құрайтын болса, егер нарық субъектісіне қатысты жиынтығында мынадай мән-жайлар:
1) ұзақ кезең ішінде (кемінде бір жыл ішінде немесе егер мұндай мерзім бір жылдан аз болса, тиісті тауар нарығының әрекет ету мерзімі ішінде) нарық субъектілері үлестерінің салыстырмалы мөлшері өзгермеген немесе аз өзгерістерге ұшырағаны белгіленсе, бірнеше нарық субъектісінің әрқайсысының жағдайы үстем жағдай деп танылады.
3-кестеден көрініп тұрғандай, АМӨЗ, ПМХЗ және ПКОП үлестері өзгеріссіз дерлік, 2021, 2022, 2023 жылдары өңдеудің жалпы көлемінің 94%-ын құрайды.
2) нарық субъектілері өткізетін немесе сатып алатын тауар тұтыну кезінде (оның ішінде өндірістік мақсаттарда тұтыну кезінде) басқа тауармен алмастырыла алмайды;
нарық субъектілері сататын немесе сатып алатын тауарды тұтыну кезінде (оның ішінде өндірістік мақсаттарда тұтыну кезінде) басқа тауармен алмастыруға болмайды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ деректері бойынша шағын МӨЗ-де мұнай өңдеу:
Бүгінгі күні шағын МӨЗ өндірісі үшін басым өнім: мазут, пеш отыны, дизель отыны, нафта, жеңіл дистиллят болып табылады.
Қазіргі кезде мұнай өңдеу МӨЗ-де жүзеге асырылады, бұл ретте мұнай өнімдерін өндіру үшін шикізаттың өзге түрлерін жеткізу, сондай-ақ мұнай өнімдерін алудың өзге тәсілдерін пайдалану мүмкін емес.
Әдістеменің 64-тармағына сәйкес нарықтың шоғырлану деңгейін айқындау үшін:
1) нарықтың шоғырлану коэффициенті (CR) қолданылады. Тауарды өткізу (жеткізу) көлемінің ірі өнім берушілердің белгілі бір санымен осы тауар нарығындағы барлық өнім берушілердің тауарды өткізудің (жеткізудің) жалпы көлеміне пайыздық қатынасы ретінде есептеледі.
Ірі өнім берушілердің үш (CR – 3), төрт (CR – 4) шоғырлану деңгейін пайдалану ұсынылады.
2) Герфиндаль – Гиршман (НН) нарық шоғырлануының индексі нарықта жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар үлестерінің квадраттар жиынтығы ретінде есептеледі және үлестер немесе пайыздармен өлшенуі мүмкін:
7-кесте
Мұнай өңдеу нарығындғы бәсекелес ортаның
жай-күйін бағалау
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
||||
|
Үлесі |
Үлесінің квадраты |
Үлесі |
Үлесінің квадраты |
Үлесі |
Үлесінің квадраты |
||
|
ҚМГ тұлғалар тобы |
94,13 |
8861 |
94,31 |
8895 |
94,2 |
8870 |
|
|
Caspi bitum |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
|
АО "Конденсат" |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
|
Итого |
100 |
х |
100 |
х |
100 |
х |
|
Квадрат үлестердің қосындысы - х.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, мұнай өңдеу нарығы жоғары шоғырланған болып табылады:
70% <94< 100%; 2000 < х< 10000.
Қаралатын тауар нарығындағы баға серпіні
Кәсіпкерлік кодекске сәйкес мұнайды қайта өңдеуге арналған тарифті 2017 жылдан бастап уәкілетті орган бекітпейді, яғни 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап МӨЗ мұнайды қайта өңдеуге арналған тарифті өздері белгілейді. Реттеу жойылғанға дейін процессингке тарифтерді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті белгіледі, соңғы тарифтер 2015 жылғы қазанда АМӨЗ үшін тоннасына 20501 теңге, ПМХЗ үшін 14895 теңге және ПКОП үшін 11453 теңге деңгейінде бекітілді.
4-кесте
Мұнай өңдеуге арналған МӨЗ тарифтерінің серпіні
теңге / тонна
|
МӨЗ |
Кезең |
қаңтар |
ақпан |
наурыз |
сәуір |
мамыр |
маусым |
шілде |
тамыз |
қыркүйек |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
|
АМӨЗ |
2021 жыл |
41 466 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
|
2022 жыл |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
42 515 |
|
|
2023 жыл |
53 927 |
53 927 |
53 927 |
53 927 |
53 927 |
53 927 |
53 927 |
53 927 |
54 450 |
54 450 |
54 450 |
54 450 |
|
|
ПМӨЗ |
|||||||||||||
|
2021 жыл |
20 904 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
|
|
2022 жыл |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
|
|
2023 жыл |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
23 240 |
|
|
ПКОП |
|
||||||||||||
|
2021 жыл |
33 671 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
|
|
2022 жыл |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
|
|
2023 жыл |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
35 336 |
|
|
Сaspi Bitum |
|
||||||||||||
|
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
|
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
|
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
|
"Конденсат" АҚ |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
|
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
2017 жылдан бастап барлық МӨЗ-де қайта өңдеу тарифтері өсті.
Шикі мұнай өңдеу тарифін зерттеу соңғы үш жылда шикі мұнай өңдеу бағасының өзгеру серпінін көрсетті:
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС - 20 904 тг./тн.-ден 23 240 тг./тн.-ге немесе 11%-ға өскен;
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС - 41 466 тг./тн.-ден 54 450 тг./тн.-ге немесе 30%-ға өскен;
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС - 33 671 тг./тн.-ден 35 336 тг/тн-ге немесе 5%-ға өскен.
Мұнай өңдеу тауар нарығына кіру кедергілеріне мыналар жатады:
– экономикалық шектеулер: шикі мұнай өңдеу нарығына кіру айтарлықтай қаржылық салымдарды талап етеді.
Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған ірі МӨЗ-дер ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқанын атап өткен жөн (анықтама: «ПМХЗ» ЖШС 1978 жылы, «АМӨЗ» ЖШС 1945 жылы, «ПКОП» ЖШС 1985 жылы іске қосылды).
Тікелей МӨЗ салудан басқа, толыққанды жұмыс істеу үшін мұнай базасы, шикізат қабылдау және мұнай өнімдерін жөнелту терминалдары болуы қажет.
АМӨЗ, ПМӨЗ, ПКОП республикадағы ірі МӨЗ болып табылатындықтан және оларға мұнай жеткізу Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекітетін Ішкі нарыққа мұнай жеткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның тауар нарығына шешуші ықпал ету мүмкіндігі бар.
Осылайша, аталған нарыққа жаңа субъектілерді (МӨЗ) тарту үшін мыналар:
- дербес қайта өңдеу үшін ресурсқа (шикізатқа) қол жеткізуді ұсына отырып офтейк келісімшарттардың болуы;
- мұнай өнімдерінің қайта реттелген аралас нарығы;
- ресурсты (шикізатты) бөлу бөлігінде мемлекеттік реттеудің күшін жою.
– мемлекеттік органдар енгізетін әкімшілік шектеулер түріндегі инвестициялық шарттар болуы мүмкін.
Жеткізу кестесін қалыптастыру кезінде құбырдың өткізу қуаты және МӨЗ өндірісінің қуаты, сондай-ақ шикізатты экспорттық міндеттемелердің көлеміне және магистральдық құбырдың қуатына байланысты сол немесе өзге зауытқа жеткізу үшін магистральдық құбырда бос «орындардың» болуы ескеріледі.
Бұл ретте, «Мұнайды жеткізу кестесін қалыптастыру қағидалары» (өңірлік бөлуге байланысты шағын жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компанияға жетіспейтін көлемдер) бойынша өлшемшарттарға сәйкес мұнайды қайта өңдеуге қолжетімділікті ұсыну, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеуге өтінімдерді қабылдау және өңдеу жүйесін цифрландыру қажет.
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 11-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес мынадай шарттардың кемінде біреуі сақталған кезде:
- мұнай берушіге жер қойнауын пайдаланушыдағы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі болса;
- жер қойнауын пайдаланушыға мұнай берушідегі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі болса;
- мұнай берушіні және жер қойнауын пайдаланушыны мұнай берушідегі және жер қойнауын пайдаланушыдағы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі тұлға бақыласа, жер қойнауын пайдаланушымен өзара байланысты тұлға мұнай беруші деп танылады.
Осы Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың МӨЗ-де мұнайды өз бетінше өңдеуге және мұнай өнімдерін сатуға құқықтары көзделетін нормалар 2023 жылы күшіне енді.
МӨЗ-ге бөлуді алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушылар не мұнай беруші шарт жасасу үшін шарт жобасын және құрылтай құжаттарын ұсынуға қағаз жеткізгіште өтініш енгізуі қажет.
негізгі қуат иесі (зауыт) өзінің интернет-ресурсында шарт жасасуға өтінімдер (бұдан әрі – өтінім) қабылдау үшін ақпараттық жүйенің және шикі мұнайды өңдеу қызметтеріне қолжетімділік алу тәртібінің бар екені туралы ақпаратты орналастыру қажет деп есептейміз.
«Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шеңберінде Үкіметке БҚДА-мен бірлесіп 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу нарығында квазимемлекеттік сектордың үлесін сапалық жағынан қысқартуды, мұнайды қайта өңдеудің, мұнайды тасымалдаудың, сондай-ақ әуежайлар аумағында авиаотынды сақтаудың көрсетілетін қызметтеріне жеке мұнай жеткізушілердің тең және кемсітушіліксіз қол жеткізуін, оның ішінде қол жеткізуді ұсыну рәсімдерін цифрландыру арқылы қамтамасыз ету тапсырылды.
Осылайша, мұнай жеткізушілердің өтінімдерін өңдеу жүйесін автоматтандыру және заңнама талаптарына сәйкес тең және кемсітусіз қол жеткізу үшін МӨЗ-дерді негізгі қуат иелері деп тану қажет.
Бұл шаралар қосымша қызметтерді күштеп таңуға жол бермеуге, қызметті орындауды цифрландыруды жүзеге асыруға және нарықты одан әрі реттеу кезінде мұнай жеткізу кестесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
МӨЗ қызметі жоғарыда көрсетілген Заңның 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін МӨЗ-дерге Өндіріс паспорты шеңберінде жүзеге асырылады және технологиялық объектілер мен процестердің тізбесі келтірілетін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығымен бекітілген Өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидаларында регламенттелген.
Мұнайды қайта өңдеумен байланысты қызмет оның жойылуына байланысты міндетті лицензиялауға жатпайды, ал мұнайды қайта өңдеу кезінде жеке МӨЗ-де ұзақ уақыт бойы үздіксіз өндірілетін сұйытылған мұнай газы (АМӨЗ) үшін сақтау резервуарлары меншігінде болған жоқ.
Осылайша, ағымдағы күні өндіріс паспортын беру немесе оның болуы зауыт қызметтерін одан әрі бөлуді болдырмауға, ішкі нарықта мұнай өнімдерінің өзіндік құнының қымбаттауына әкелетін монополиялық қызметтерді құруға кепілдік бермейді.
Мұнай өңдеу қызметін бөлудің себебі жоғарыда көрсетілген Қағидаларда өндіріс паспортын бекітудің, осы МӨЗ меншігінде сипаттамасы бар технологиялық объектілердің болуына қатысты нақтылаудың және талаптардың болмауы болып табылады.
Осылайша, Қағидаларда қайта өңдеу қызметін жүзеге асыруға арналған негізгі базалық талаптар, атап айтқанда меншікте сақтау резервуарларының, кірме жолдардың, ағызу және құю эстакадаларының болуы бойынша міндеттемелер көрсетілмеген.
Мұнайды қайта өңдеу қызметтерін көрсетуді бақылау жоқ және ол жүзеге асырылмайды.
Аталған қызметтің технологиялық аспектілерін ескере отырып, Өндіріс паспортын бекіту шеңберінде МӨЗ қызметін лицензиялауды енгізу немесе МӨЗ-ге қойылатын талаптарды күшейту қажет.
Бұдан басқа, Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген Мұнайды жеткізу кестесін қалыптастыру қағидаларының 5-тармағында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушыларға біркелкі жүктемені ұстап тұру мақсатында көлемдерді бөлу кезінде өңірлер бойынша пайыздық жүктеме ескерілетіні белгіленген.
Өңірлер бойынша пайыздық жүктемені өзгертуді уәкілетті орган өңірдегі жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өндіру деңгейіне қарай енгізеді, бірақ ұлғаю жағына қарай он пайыздан (жинақтаушы жүктеме) аспайды.
Осыған байланысты, ішкі нарықты қамтамасыз етуге мұнай меншік иелерінің пайыздық жүктемесі ҚР бойынша біркелкі анықталмауы мүмкін, бұл жағдайды МӨЗ арасындағы өңдеу бойынша тең емес тарифтер ушықтырады.
Қаралып отырған нарықта бәсекелестікті бұрмалайтын факторлар ретінде оның ішінде уәкілетті орган жүзеге асыратын нарық субъектілерінің қызметін реттеудің жекелеген жағдайлары, атап айтқанда, нарықтың жекелеген субъектілеріне мұнай көлемін бөлудің нақты өлшемшарттарының болмауына байланысты бәсекелестік артықшылықтар берілуі мүмкін жеткізу кестесін бекіту болып анықталды.
Осылайша, мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және көтерме саудада өткізу нарықтарын монополияландыру құралы ретінде пайдаланылатын мұнай жеткізу нарығын мемлекеттік реттеудің ашық емес тетігі жұмыс істейді.
Нарықтың жоғары шоғырлануын және қолданылатын бизнес үшін қол жеткізуді шектеу практикасын, сондай-ақ жеткізу кестесін қалыптастырудың ашық өлшемшарттарының жоқтығын ескере отырып, үш МӨЗ-ді Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларына сәйкес негізгі қуат иелері деп тану қажет.
тауарларды әкелу-әкетуді шектеу:
2021 және 2022 жылдары АМӨЗ-де сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған өзінің резервуарлық паркі және тиеп жөнелтуге арналған құю эстакадалары, т/ж және авто құю инфрақұрылымы болған жоқ және СМГ-ның барлық көлемі қатаң технологиялық схема бойынша АМӨЗ-ден «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС резервуарларына айдалады, ал ПМХЗ-да сұйытылған мұнай газын сақтау көлемі 4 мың тоннаға немесе 2 тәулікке шектелген, бұл өнімді алушыларға сақтаудың шектеулі шарттарын ұсынады.
АМӨЗ 2023 жылдан бастап «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС үлесінің 50%-ын қайтарып берді, БӨҚжА, электр жабдықтары мен электр желілерін жөндеу және қызмет көрсету қызметтері де, сондай-ақ технологиялық жабдықтарды жөндеу қызметтері қайтарылды.
Мұнай өңдеу зауыттарында бизнес субъектілерінің инфрақұрылым объектілеріне «соңғы километр» қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап АМӨЗ, ПМХЗ, ПКОП-та кірме жолдарға қызмет көрсету өндірісі бойынша қызметтің жаңа түрі пайда болды, осыған байланысты МӨЗ кірме жолдардың қызметтерін жүргізумен дербес айналысады, сондай-ақ жүк жөнелту функциялары ПКОП-қа қайтарылды.
2021 жылы ПМХЗ стратегиялық объектілер тізбесіне енгізілді, сондай-ақ «BIG Capital IST» ЖШС-мен сорғы станциясын жалдау шарттары бұзылды.
Бұдан басқа, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заң «сұйытылған мұнай газын өндірушінің өндірістік объектісі» ұғымымен толықтырылды, ол 2024 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін сұйытылған мұнай газын өндіру кезінде зауытта технологиялық циклдың барлық құрылыстарының болуын көздейді (1-баптың 31-1) тармақшасы).
Алайда, Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңда мұнайды қайта өңдеу процесі үшін бірыңғай технологиялық цикл ұғымы көзделмеген, себебі мұндай ұғымның болмауы салдарынан МӨЗ периметріне кіретін негізгі объектілер айқындалмаған.
Сондай-ақ АМӨЗ бен ПМХЗ-да сутекті өндіру және тазарту, техникалық азот өндіру және онымен қамтамасыз ету бойынша қондырғылар бар, олар бірыңғай технологиялық циклдың құрамына кіреді және үшінші тұлғалардың – «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС меншігінде және пайдалануында тұр.
Осыған байланысты, Үкіметтің шикізатты тиеуден бастап барлық ірі МӨЗ-ге өнімдерді тиеп-жөнелтуге дейінгі бірыңғай технологиялық циклды қамтамасыз ету туралы тапсырмалары толық көлемде орындалған жоқ.
Өз кезегінде, активтер мен қызметтерді шығару зауыттар аумағында жаңа монополияларды құруға және түпкілікті өнім, монополиялық қызметтер құнының қымбаттауына әкелді.
Бұл ретте, шетелдік қатысу үлесі бар ПКОП қызметінде ұқсас бұзушылықтар жоқ.
Бұдан басқа, мемлекеттің МӨЗ-ді басқаруының төмен сапасы 5 жыл ішінде аталған МӨЗ-дерді жаңғыртуға жұмсалған ақшалай қаражатқа қарамастан, АМӨЗ бен ПМХЗ-да жоспардан тыс жөндеулердің едәуір санымен сипатталады.
Соңғы 3 жылда аталған мемлекеттік МӨЗ-дерде жоспардан тыс 106 тоқтап тұру болды, ал жеке инвестормен ПКОП-та жоспардан тыс 21 тоқтап тұру болды, бұл активті неғұрлым тиімді басқаруды көрсетеді.
Өз кезегінде, мемлекеттің МӨЗ-ге қатысуы апаттарды жоюды қиындатады, себебі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жабдықты сатып алу және оның шарттарын сақтау қажет.
Осыған байланысты, шетелдік инвестордың қатысуымен МӨЗ-де, оның ішінде жиі жөндеу жұмыстарын жүргізу және үш жыл ішінде тарифті едәуір арттыру бойынша ұқсас бұзушылықтардың жоқ екенін ескере отырып, мемлекеттік бақылауды сақтай отырып, МӨЗ-ді жекешелендіруді жүзеге асыру ұсынылады.
Жеке басқарудың болуы МӨЗ-ді басқару деңгейіне оң әсер етеді.
1) жалпы ережелер: мұнай өңдеу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау Әдістемеге сәйкес жүргізілді;
2) зерттеудің уақыт аралығы: 2021 – 2023 жылдар;
3) тауар нарығының шекаралары: Қазақстан Республикасы;
4) қарастырылып отырған тауар нарығында әрекет ететін нарық субъектілерінің құрамы:
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Caspi Bitum» ЖШС, «Конденсат» ЖШС.
Бұл ретте ҚазМұнайГаз тұлғалар тобының құрамында: «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС бар.
5) нарық көлемі және нарық субъектілерінің үлесі:
МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемі:
2021 жылы – 16999,7 мың тн.,
2022 жылы – 17900,032 мың тн,
2023 жылы – 17900 мың тн.
Мұнай өңдеу нарығында үстем жағдайға 2021-2023 жылдары тиісінше 94% үстем үлеспен ҚазМұнайГаз тұлғалар тобы ие.
6) нарықтың шоғырлану деңгейі – шикі мұнай өңдеу нарығы жоғары шоғырланған:
7) нарыққа кіру кедергілері – экономикалық және әкімшілік шектеулер, оларды жеңу қиын;
8) тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау – нарықты 3 ірі МӨЗ монополияландырған, нарыққа кіру қиын емес және Жеткізу кестесін қалыптастыруға ішінара байланысты.
Бәсекелестікті дамыту бойынша ұсыныстар:
«Голландиялық ауруға» байланысты мұнай бағасына тәуелділік халықаралық нарықтағы бағалардың құбылмалылығына байланысты тәуекелдерді тудырады.
ҚР-да өндіру мен өңдеудің арақатынасын ескере отырып, экспортталатын мұнай көлемін отандық МӨЗ-ге қайта бағдарлау есебінен мұнай өңдеу көлемін ұлғайту қажет.
Мысалы, мұнай кен орындары жоқ Германия, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдер «импорттық» мұнай өңдеу тереңдігінің 90%-на дейін мұнай өңдеуді жүзеге асырады (Қазақстанда 80% деңгейінде).
Бұл ретте, мұнай өңдеу дәрежесі мен сапасын арттырудың орнына инновацияларсыз инвестициялар тартылады, бұл өңдеу сапасын ұлғайтусыз қайта өңдеу көлемінің өсуіне әкеледі.
Экспорттық-шикізаттық экономикадан кету, оның ішінде жаңа жоғары технологиялық МӨЗ салу бойынша шешімдерді талап етеді, бұл, оның ішінде көрші елдерге мұнай өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамытуға әкеп соғады.
ТШО-да Болашақ кеңейту жобасы іске асырылып жатыр, мұнай өндіру қуатын арттыруға мүмкіндік беретін Қашаған МӨЗ іске қосылды.
ТШО және NCOC өндіру көлемінің ұлғаюымен қатар, компаниялардың шетелде қайта өңдеуді жүзеге асыру үшін шикі мұнайды тасымалдаудың шығыны төмен құрал ретінде Каспий құбыр консорциумының (КҚК) құбырын пайдалануға тәуелділігінің болуы ушықтырады.
Қайта өңдеуді дамыту өңдеуді ұйымдастыруға, мұнай құбырларын салуға, зауытқа дейінгі теміржолдарды, сақтау және тиеп-жөнелту терминалдарын салуға инвестициялар салатын интеграцияланған компаниялардың болуына негізделуі мүмкін.
Энергетика министрлігінің деректері бойынша еліміздің мұнай өнімдеріне (бензин, ДО, авиаотын) қажеттілігі өсіп келеді, халық саны 20 млн., тұтыну статистикасы бойынша қолда бар 17 млн. тоннаның орнына 20 млн. тоннаға қайта өңдеу қуаты болуы қажет.
Бұл ретте, мұнай өңдеу көлемін ұлғайту және өндіріс технологиясын арттыру мақсатында МӨЗ-дегі тепе-теңдік үлестеріне айырбастау үшін ӨБК (ТШО, NCOC, КРО) ірі кен орындарындағы мемлекеттің үлесін ұлғайтуға болады.
Жалпы, отандық МӨЗ-ді қосымша мұнай көлемімен толтыру үшін мұнай өңдеу өнімдерінің бағасын қайта реттеу арқылы мұнай бағасын экспорттық/импорттық нетбек деңгейінде теңестіру талап етіледі.
Сондай-ақ дәстүрлі жеткізушілердің мұнай жеткізілімдерін ұлғайтудың қиындығын және Қазақстанның МӨЗ-деріне мұнайды басқа көздерден жеткізуді қамтамасыз етудің ықтимал қажеттілігін ескере отырып, мұнайдың ішкі бағаларын нарықтық көрсеткіштерге жеткізу қажет, бұл нарықтық тетіктерді енгізу және нарықты ырықтандыру арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша, мыналар:
Агенттіктің Отын-энергетикалық
кешені департаменті директоры М. Әбсаттарова
Агенттіктің Отын-энергетикалық
кешені департаменті
директорының орынбасары Т. Баширов
Агенттіктің Отын-энергетикалық
кешені департаменті Мұнай және газ
басқармасының басшысы Р. Қасенов
Агенттіктің Отын-энергетикалық
кешені департаменті Мұнай және газ
басқармасының бас консультанты Н. Бекбатырова