Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының шекарасында 2021, 2022 және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тауарлық газды бөлшек саудада сату нарығында бәсекелестік жағдайын талдау нәтижелері бойынша қорытынды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент), Агенттіктің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының (2023 жылғы 31 қаңтардағы № 34/НК бұйрығымен бекітілген) 30-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023 жылдың 16 тамыздағы № 01-2-04/2305- И тапсырмасын орындау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы шекарасында 2021, 2022 және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізілді.

Талдау жүргізу барысында Департамент келесіні басшылыққа алды

-         Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі-ҚР КК);

-         Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы №13 бұйрығымен бекітілген Тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін талдау және бағалау әдістемесі (27.07.2023 ж. өзгертулер мен толықтырулармен);

-         Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңы;

-         «Табиғи монополиялар туралы»;

-         Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы №96 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары және өзге де нормативтік құқықтық актілер.

Талдау барысында мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінен алынған мәліметтер пайдаланылды.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының шекарасында 2021, 2022 және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тауарлық газды бөлшек саудада сату нарығында бәсекелестік жағдайын талдау нәтижелері бойынша қорытынды
Дата публикации
25 июня 2024