Кедергілер кеңесінің №6 Хаттамасы
18 маусым 2024 жыл (15:30с.) Талдықорган қ.
Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.
Хатшы: А. Лепесбаева
Қатысқандар: Кедергілер кеңесінің мүшелері
|
№ |
Қатысушылар |
лауазымы |
|
1 |
Просяйникова Светлана Владимировна |
«Корпорация «Жетысу Газ» АҚ қаржы директоры Төрайымның орынбасары |
|
2 |
Кальменова Маржан Тынысбековна |
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы |
|
3 |
Керимбаев Думан Жармухаметович |
ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары |
|
4 |
Казакпаев Эдиль Юрьевич |
«Біз бірге күштіміз» Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. |
|
5 |
Саргалдаков Жанатбек Садвакасович |
«Сардар ЛТД» ЖШС директоры |
|
6 |
Темиргалиев Нуржан Бауржанович |
«Коллонада» ЖШС директоры. |
|
7 |
Софин А.А. |
«Софин» ЖК басшысы |
|
8 |
Имагамбетов Арман Кудайбергенович |
«PCD Group» ЖШС коммерициялық директоры |
|
9 |
Савинов Геннадий Иванович |
«Текели ГМЗ» ЖШС директорының кеңесшісі |
|
10 |
Молдасаметова Роза Шаяхметовна |
«Business Hub» РҚБ-нің президенті |
|
11 |
Исагулова Арай Саветкановна |
Атамекен ҚР ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-консультанты |
"АБЗ КАРЬЕР ДРСУ" ЖШС, "Талдықорған көркейту" ЖШС, "Шығыс-4"ЖШС өкілдері қатысты.
Күн тәртібі:
- қоғамдық кеңістіктегі сауда, көше фуд корттары, ойын-сауық қызметтері (саябақтар, скверлер, даңғылдар) ;
- қалаішілік жолдарды күтіп ұстау және тазалау қызметтері.
Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.
"АБЗ КАРЬЕР ДРСУ" ЖШС-нің ұсынған мәліметіне сәйкес, кейбір жағдайларда конкурстың атауы техникалық ерекшелікте көзделген жұмыс түрлерімен сәйкес келмейтінін және сәйкесінше конкурсты ұйымдастырушы осы санаттағы жұмыс тәжірибесін ескермейтінін атап өтті. Осы орайда, 2024 жылы Талдықорған қаласындағы скверлер мен саябақтарды абаттандыруға конкурс жарияланған болатын, алайда, осы конкурстың техникалық ерекшелігіне сәйкес әлеуетті жеткізіп беруші скверлер мен саябақтарды күтіп ұстау бойынша жұмыстарды (шөп шабу, аумақты тазалау, ағаштарды кесу және т.б.) орындауы тиіс болатын. Өтінімді қарау кезінде жолдар мен көшелерді күтіп ұстаудағы жұмыс тәжірибесі ескерілмеді, ұйымдастырушы байқаудың күтіп-ұстауға емес, абаттандыруға жарияланғанына сілтеме жасады.
Яғни, мысалы, №11585015-1, №11585498-1 конкурстары бойынша, тапсырыс беруші "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ және ұйымдастырушы "Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ және №11577818-1 конкурсы бойынша, тапсырыс беруші "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ және ұйымдастырушы "Талдықорған каласының қаржы бөлімі" ММ-сі конкурстары бойынша, конкурстың атауы: саябақтар мен скверлерді күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар, ал лоттың атауы: аумақты жөндеу/абаттандыру жөніндегі жұмыстар.
Осыған байланысты, біз осы конкурстардың мысалында, сатып алуды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілер сатып алу тақырыбын мұқият зерделеп, мұндай құбылыстарға жол бермеуі керек деп санаймыз.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңістік орындарында көше саудасы, көше фудкорттары, ойын-сауық қызметтері, сондай-ақ қалаішілік жолдарды күтіп ұстау және тазалау қызметтеріне қатысты, бәсекелестікті дамыту бойынша проблемалық мәселелер мен кедергілер белгіленбеген.
Ұсынылған шешім:
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі-Департамент) мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде конкурс пен лоттың атауын техникалық ерекшелікте көзделген жұмыс түрлеріне сәйкескестендіру бойынша, тапсырыс берушіге және конкурсты ұйымдастырушыларға хат жіберіледі.
Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:
Кедергілер
Кеңесінің төрайымы С.П. Иванова
Хатшы ___________ А.Лепесбаева