Кедергілер кеңесінің №5 Хаттамасы
31мамыр 2024 жыл (16:00с.) Талдықорган қ.
ZOOM арқылы
Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.
Хатшы: А. Лепесбаева
Қатысқандар: Кедергілер кеңесінің мүшелері
|
№ |
Қатысушылар |
лауазымы |
|
1 |
Просяйникова Светлана Владимировна |
«Корпорация «Жетысу Газ» АҚ қаржы директоры Төрайымның орынбасары |
|
2 |
Кальменова Маржан Тынысбековна |
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы |
|
3 |
Керимбаев Думан Жармухаметович |
ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары |
|
4 |
Казакпаев Эдиль Юрьевич |
«Біз бірге күштіміз» Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. |
|
5 |
Саргалдаков Жанатбек Садвакасович |
«Сардар ЛТД» ЖШС директоры |
|
6 |
Темиргалиев Нуржан Бауржанович |
«Коллонада» ЖШС директоры. |
|
7 |
Софин А.А. |
«Софин» ЖК басшысы |
|
8 |
Имагамбетов Арман Кудайбергенович |
«PCD Group» ЖШС коммерициялық директоры |
|
9 |
Савинов Геннадий Иванович |
«Текели ГМЗ» ЖШС директорының кеңесшісі |
|
10 |
Молдасаметова Роза Шаяхметовна |
«Business Hub» РҚБ-нің президенті |
|
11 |
Исагулова Арай Саветкановна |
Атамекен ҚР ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-консультанты |
Күн тәртібі:
«Көгалдандыру және абаттандыру қызметтері бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысу кезіндегі проблемалық мәселелер мен кедергілері. Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптар қойылады:
4-тармақша) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы;
Алайда, көп жағдайда көгалдандыру және абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде ҚР басқа өңірлерінің субъектілері ұтады, бірақ, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін субъектілерде материалдық, еңбек ресурстары жеткіліксіз болып табылады.
Осыған байланысты, егер белгілі бір аймақтың жергілікті мердігерлері қаржылық жағдайға ие болып, сондай-ақ материалдық және еңбек ресурстарына ие болып, субъектінің өзі жұмыс атқаратын облыс аумағында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қатысқаны, орынды деп санаймыз.
Ұсынылған шешім:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға осы көгалдандыру және абаттандыру қызметтерді ұсынатын субъектілер, әлеуетті өнім берушілер, қызметтерді ұсыну жоспарланып отырған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында болу тиіс деген өзгеріс енгізілсін.
Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:
Кедергілер
Кеңесінің төрайымы С.П. Иванова
Хатшы ___________ А.Лепесбаева