|
|
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы «26» наурыздағы № 77 – НҚ бұйрығымен бекітілді
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі
|
|
|
|
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Бағалау жүргізу тәртібі
Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-күніне дейін алдын ала нәтижелерін аумақтық бөлімшелердің назарларына жеткізеді. Аумақтық бөлімшелер есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде Агенттіктің орталық аппаратына алдын ала бағалауды қарау қорытындылары бойынша ұстанымды ұсынады.
Аталған мерзімде ескертулер мен ұсыныстар ұсынылмаған жағдайда, бағалау әдеттегідей келісілген болып есептеледі. Алдын ала бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қарсылықтар растайтын құжаттар болған жағдайда ғана қаралады.
Ескерту. 4, 5, 6, 7 және 8 – тармақтары жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 12.06.2024 № 139 – НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
3-тарау. Бағалаудың бағыттары мен көрсеткіштері
Бағаланатын аумақтық бөлімшеге әрбір көрсеткіш бойынша берілуі мүмкін ең жоғары балл саны 25 балдан (әрбір көрсеткіш бойынша балдардың жалпы сомасының 1/4 бөлігі) аспауға тиіс.
№ 1 көрсеткіш. Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестің отырыстарын өткізу (P1), ол бағаланатын аумақтық бөлімше (s) өткізген кеңес отырыстары санының есепті кезеңдегі Кеңес отырыстарының жалпы санына (S) қатынасын білдіреді:
P1= *100%
Кеңес отырысы хаттамасының көшірмесі растаушы құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті жүзеге асырады.
№ 2 көрсеткіш. Тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою (P2), ол бағаланатын аумақтық бөлімше (b) жойған тауар нарықтарына кіру кедергілері санының есепті кезеңде жойылған кедергілердің жалпы санына (B) қатынасын білдіреді:
P2= *100%
Нормативтік құқықтық, құқықтық актінің көшірмесі және (немесе) өзге де құжаттар растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті Көлік және байланыс, Агроөнеркәсіптік кешен, Отын-энергетика кешені, Қаржы нарықтары, Әлеуметтік сала, Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу, Тергеп-тексерудер, Биржалық бақылау, Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменттерімен бірлесіп жүзеге асырады.
№ 3 көрсеткіш. Республикалық Кедергілер картасына кедергілерді жою бойынша қолдау тапқан ұсыныстарды (P3) қосу, ол бағаланатын аумақтық бөлімшенің қолдау тапқан және республикалық Кедергілер картасына енгізілген ұсыныстары санының (b’), есепті кезеңде ұсыныстардың жалпы санына (B’) қатынасын білдіреді:
P3= *100%
Растайтын құжат Кеңес отырысы хаттамасының көшірмесі болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті жүзеге асырады.
№ 4 көрсеткіш. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспарлы өңірлік талдаулар жүргізу (P4), ол бағаланатын аумақтық бөлімше жүргізген жоспарлы өңірлік талдаулар санының (a), есепті кезеңде жоспарлы өңірлік талдаулардың жалпы санына (A) қатынасын білдіреді:
P4= *100%
Растайтын құжат жоспарлы талдау жүргізу бойынша қорытындының көшірмесі болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті Көлік және байланыс, Агроөнеркәсіптік кешен, Отын-энергетика кешені, Қаржы нарықтары, Әлеуметтік сала, Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменттерімен бірлесіп жүзеге асырады.
№ 5 көрсеткіш. Монополиясыздандыру және тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлеу (P5), ол бағаланатын аумақтық бөлімше әзірлеген ұсынымдар санының (l), есепті кезеңдегі ұсынымдардың жалпы санына (L) қатынасын білдереді:
P5= *100%
Агенттікке не тиісті мемлекеттік органдарға хаттың көшірмесі және өзге де құжаттар растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Бәсекелестіктің стратегиялық дамыту департаменті Көлік және байланыс, Агроөнеркәсіптік кешен, Отын-энергетика кешені, Қаржы нарықтары, Әлеуметтік сала, Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу, Тергеп-тексерулер, Биржалық бақылау департаменттерімен бірлесіп жүзеге асырады.
№ 6 көрсеткіш. Монополиясыздандыру және тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұсынымдарды қарау (P6), ол бағаланатын аумақтық бөлімше әзірлеген Агенттік не мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тапқан ұсынымдар санының (l’), есепті кезеңде қолдау тапқан ұсынымдардың жалпы санына (L’) қатынасын білдіреді:
P6= *100%
Агенттікке не тиісті мемлекеттік органдарға хаттың көшірмесі және өзге де құжаттар растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті Көлік және байланыс, Агроөнеркәсіптік кешен, Отын-энергетика кешені, Қаржы нарықтары, Әлеуметтік сала, Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу, Тергеп-тексерулер, Биржалық бақылау департаменттерімен бірлесіп жүзеге асырады.
№ 7 көрсеткіш. Мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар санын қысқарту бойынша аумақтық бөлімшенің ұсыныстары (P7), ол бағаланатын аумақтық бөлімше қысқартқан мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар санының (g) есепті кезеңде қысқартылған мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың жалпы санына (G) қатынасын білдіреді:
P7= *100%
Аумақтық бөлімшелердің коммуналдық меншіктің жекелеген кәсіпорындарын бәсекелес ортаға беру туралы ұсыныстары, жергілікті атқарушы органның тиісті нормативтік актілері (қаулылары, шешімдері және т.б.) растайтын құжаттар болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті жүзеге асырады.
№ 8 көрсеткіш. Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру мәніне мемлекеттік кәсіпорындар мен елу пайыздан астамына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мониторинг жүргізу (P8), ол жарғылық қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына сәйкес келтірілген және монополияға қарсы органның келісімі алынған өңірдегі кәсіпорындар санының (g’) есепті кезеңдегі жалпы санына (G’) қатынасын білдіреді:
P8= *100%
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті жүзеге асырады.
№ 9 көрсеткіш. Секторлық талдау, сондай-ақ тауар нарықтарына талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар шеңберінде бәсекелес нарыққа беру жөніндегі ұсыныстар (P9), ол бағаланатын аумақтық бөлімшенің ұсынысы негізінде енгізілген өңірдегі жекешелендірілген субъектілер санының (g"), есепті кезеңде жекешелендірілген субъектілердің жалпы санына (G") қатынасын білдіреді:
P9= *100%
Растайтын құжат жекешелендіру жоспары болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті жүзеге асырады.
№ 10 көрсеткіш. Бәсекелестікті қорғау саласындағы құқықтық актілердің жобаларын қарау (P10), ол бағаланатын аумақтық бөлімше қараған құқықтық актілер жобалары санының (h), есепті кезеңде қаралған жобалардың жалпы санына (H) қатынасын білдіреді:
P10= *100%
Растайтын құжат аумақтық бөлімшенің келісу парағының, хатының көшірмесі болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті жүзеге асырады.
№ 11 көрсеткіш. Бәсекелестікті қорғау саласындағы құқықтық актілер жобаларын қабылдамау (P11), ол бағаланатын аумақтық бөлімше қабылдамаған құқықтық актілер жобалары санының (n), есепті кезеңде қабылданбаған жобалардың жалпы санына (N) қатынасын білдіреді:
P11= *100%
Растайтын құжат аумақтық бөлімшенің келісу парағының, хатының көшірмесі болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті жүзеге асырады.
№ 12 көрсеткіш. Агенттік әзірлеген бәсекелестікті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар (P12), ол бағаланатын аумақтық бөлімшенің қабылданған ұсыныстары санының (q), есепті кезеңде қабылданған ұсыныстардың жалпы санына (Q) қатынасын білдіреді:
P12= *100%
Растайтын құжат аумақтық бөлімшенің келісу парағының, хатының көшірмесі болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті жүзеге асырады.
№ 13 көрсеткіш. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізуге мемлекеттік органдардың өтінімдерін қарау (P13), ол бағаланатын аумақтық бөлімше қараған бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізуге арналған өтінімдер санының (е), есепті кезеңде қаралған өтінімдерінің жалпы санына (Е) қатынасын білдіреді:
P13= *100%
Ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екені туралы аумақтық бөлімшенің қорытындысы растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті жүзеге асырады.
№ 14 көрсеткіш. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы мемлекеттік органдардың бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізуге өтінімдерді қабылдамауы (P14), ол бағаланатын аумақтық бөлімше қабылдамаған бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізуге арналған өтінімдер санының (e’), есепті кезеңде қабылданбаған өтінімдерінің жалпы санына (E’) қатынасын білдіреді:
P14= *100%
Ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екені туралы аумақтық бөлімшенің қорытындысы растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті жүзеге асырады.
№ 15 көрсеткіш. Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан мониторингпен қамту (P15), ол бағаланатын аумақтық бөлімше мониторингпен қамтыған субъектілер санының (i), есепті кезеңде мониторингпен қамтылған нарық субъектілерінің жалпы санына қатынасын білдіреді (I):
P15= *100%
Мемлекеттік қолдау шаралардың мониторингімен қамтылған нарық субъектілерінің тізбесі және аумақтық бөлімшенің қорытындысы растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті жүзеге асырады.
№ 16 көрсеткіш. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабында көзделген талаптардың бұзылуын анықтау (P16), ол бағаланатын аумақтық бөлімше анықтаған бұзушылықтар санының (j), есепті кезеңде мониторингпен қамтылған нарық субъектілерінің жалпы санына (J) қатынасын білдіреді:
P16= *100%
Бұзушылықтарды және (немесе) олардың салдарларын жою туралы нұсқама не әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Тергеп-тексерулер департаменті жүзеге асырады.
№ 17 көрсеткіш. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ескерілген ұсыныстар (P17), ол бағаланатын аумақтық бөлімшенің мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша есепке алынған ұсыныстары санының (j’), есепті кезеңде есепке алынған ұсыныстардың жалпы санына (J’) қатынасын білдіреді:
P17= *100%
Мемлекеттік органдардың жауаптары растайтын құжаттар болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті жүзеге асырады.
№ 18 көрсеткіш. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу (P18), ол бағаланатын аумақтық бөлімше жүргізген тергеп-тексерулер санының (r), есепті кезеңдегі тергеп-тексерулердің жалпы санына (R) қатынасын білдіреді:
P18= *100%
Аумақтық бөлімше басшысының тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешімінің көшірмесі растаушы құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Тергеп-тексерулер департаменті жүзеге асырады.
№ 19 көрсеткіш. Жүргізілген тергеп-тексерулер қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын анықтау (P19), ол бағаланатын аумақтық бөлімше бұзушылықтарды анықтай отырып жүргізген тергеп-тексерулер санының (r’), есепті кезеңде бұзушылықтарды анықтай отырып тергеп-тексерулердің жалпы санына (R’) қатынасын білдіреді:
P19= *100%
Аумақтық бөлімше басшысының тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешімінің көшірмесі растаушы құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Тергеп-тексерулер департаменті жүзеге асырады.
№ 20 көрсеткіш. Аумақтық бөлімшенің пайдасына шығарылған сот сатыларындағы шешімдер (P20), ол апелляциялық сатыдан өткен бағаланатын аумақтық бөлімше жеңген сот істері санының (c), есепті кезеңде апелляциялық сатыдан өткен жеңген сот істерінің жалпы санына (C) қатынасын білдіреді:
P20= *100%
Сот шешімінің көшірмесі растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Тергеп-тексерулер департаменті жүзеге асырады.
№ 21 көрсеткіш. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізу (P21), ол бағаланатын аумақтық бөлімше енгізген нұсқамалар санының (d), есепті кезеңдегі нұсқамалардың жалпы санына (D) қатынасын білдіреді:
P21= *100%
Нұсқаманың көшірмесі растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Тергеп-тексерулер департаменті жүзеге асырады.
№ 22 көрсеткіш. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуы (P22), ол бағаланатын аумақтық бөлімше орындаған нұсқамалар санының (d’), есепті кезеңде орындалған нұсқамалардың жалпы санына (D’) қатынасын білдіреді:
P22= *100%
Нұсқаманың көшірмесі растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Тергеп-тексерулер департаменті жүзеге асырады.
№ 23 көрсеткіш. Төленген айыппұлдардың үлесі (P23), ол бағаланатын аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін төленген айыппұлдар сомасының (y) есепті кезеңде барлық аумақтық бөлімшелер төлеген айыппұлдардың жалпы сомасына (Y) қатынасын білдіреді:
P23= *100%
Айыппұлдың төленгені туралы түбіртектің көшірмесі растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Тергеп-тексерулер департаменті жүзеге асырады.
№ 24 көрсеткіш. Нарық субъектілеріне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жіберу (P24), ол бағаланатын аумақтық бөлімше жіберген хабарламалар санының (u), есепті кезеңде жіберілген хабарламалардың жалпы санына (U) қатынасын білдіреді:
P24= *100%
Хабарламаның көшірмесі растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Тергеп-тексерулер департаменті жүзеге асырады.
№ 25 көрсеткіш. Нарық субъектілеріне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы жіберілген хабарламалардың орындалуы (P25), ол өңірде орындалған хабарламалар санының (u’), есепті кезеңде орындалған хабарламалардың жалпы санына қатынасын білдіреді (U’):
P25= *100%
Берілген хабарламаның орындалуы туралы нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйым хатының көшірмесі растаушы құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Тергеп-тексерулер департаменті жүзеге асырады.
№ 26 көрсеткіш. Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға алып келуі мүмкін әрекетті (әрекетсіздікті) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жіберу (P26), ол бағаланатын аумақтық бөлімше берген алдын ала ескертулер санының (w) есепті кезеңде берілген алдын ала ескертулердің жалпы санына (W) қатынасын білдіреді:
P26= *100%
Алдын ала ескертудің көшірмесі растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Тергеп-тексерулер департаменті жүзеге асырады.
№ 27 көрсеткіш. Нарық субъектісі (нарық субъектілері) жіберетін монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларына сәйкестігін белгілеу (P27), ол бағаланатын аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес деп таныған монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актілері санының (k) есепті кезеңде монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актілерінің жалпы санына (K) қатынасын білдіреді:
P27= *100%
Комплаенстің көшірмесі растайтын құжат болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті Көлік және байланыс, Агроөнеркәсіптік кешен, Отын-энергетика кешені, Қаржы нарықтары, Әлеуметтік сала, Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменттерімен бірлесіп жүзеге асырады.
№ 28 көрсеткіш. Ақпараттық-түсіндіру және шолу-талдамалық материалдарды жариялау (P28), ол бағаланатын аумақтық бөлімше жариялаған материалдар санының (m), есепті кезеңде барлық аумақтық бөлімшелердің жарияланымдардың жалпы санына (M) қатынасын білдіреді:
P28= *100%
Растайтын құжат баспасөз хатшысының анықтамалық ақпараты болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті Төрағаның хатшылығымен (Департамент) бірлесіп жүзеге асырады.
Көрсеткішті есептеу кезінде ақпараттық-түсіндіру және шолу-талдамалық материалдардың қайталама жариялануы (репост) ескерілмейді.
Түзету коэффициенті (F) ±2 балл көрсеткіштің мәні мен кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық мәнге үлестері арасындағы айырмашылық ±10% ауытқыған жағдайда беріледі.
Егер ауытқу 10%-ға тең немесе одан көп болса, онда түзету коэффициенті (+2) баллға тең, егер ауытқу теріс мәнге тең немесе одан үлкен болса (-10%), онда түзету коэффициенті (-2) баллға тең болады.
Түзету коэффициенті № 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 көрсеткіштерге қолданылады.
монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұру бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша – 0,5 балл;
мемлекеттік сатып алудағы келісімдерді қоспағанда нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісімдер (картель) бойынша – 0,5 балл;
монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеуді қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша – 0,4 балл;
нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы өзге де келісімдері бойынша – 0,4 балл;
нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері бойынша – 0,4 балл;
бұзушылықтардың өзге түрлері бойынша – 0,2 балл.
ірі салық төлеушілерге қатысты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілердің қолданыстағы тізбесіне сәйкес) бұзушылықпен аяқталған және сот заңды деп таныған әрбір тергеп-тексеру үшін;
ірі салық төлеуші болып табылатын нарық субъектісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы әрбір орындаған нұсқама үшін;
ірі салық төлеуші болып табылатын нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы әрбір орындалған хабарлама үшін;
ірі салық төлеуші болып табылатын нарық субъектісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл төлегені үшін;
Ірі салық төлеуші болып табылатын нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес деп танылған монополияға қарсы комплаенстің әрбір сыртқы актісі үшін.
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырғаны үшін (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылау; жоспардан тыс тексерулер) – 0,5 балл;
тауар биржаларының қызметі бойынша жүргізілген әрбір талдау және мониторинг үшін - 0,5 балл;
биржалық сауданы дамыту және жетілдіру бойынша әзірленген әрбір ұсыныс үшін – 0,5 балл;
тауар биржаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру бойынша әрбір тексеру үшін – 0,5 балл;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы әрбір қозғалған және қаралған іс, сондай-ақ тауар биржалары саласында қолданылған әкімшілік жаза үшін – 1 балл.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі, ұсыныстары бар хаттар, ұсынымдар, айыппұл төлеу туралы чек және т.б. растайтын құжаттар болып табылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды Биржалық бақылау департаменті жүзеге асырады.
Қорытынды бағадан мынадай жағдайларда айыппұл балдары (T) шегеріледі:
есептік ақпаратты дер кезінде ұсынбағаны үшін мерзімі өткен әрбір жұмыс күні үшін балдардың қорытынды сомасынан 1 айыппұл баллы;
дәйексіз есепті ақпараттың және монополияға қарсы ден қою актілері мен шараларының күшін жоюдың (заңсыздықтың) әрбір тіркелген фактісі үшін 0,5 айыппұл баллы;
аумақтық бөлімшенің қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тартудың әрбір фактісі үшін 1 айыппұл баллы;
жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын, арыздарын, өтініштерін, ұсыныстарын, жауаптарын қарау/қайта жіберу мерзімдерін сақтамағаны үшін (t) келесі формула бойынша:
t = [1 – ( *500)*100,
мұнда:
f – бағаланатын аумақтық бөлімшемен белгіленген мерзімдерді бұза отырып қаралған шағымдардың, арыздардың, өтініштердің, ұсыныстардың, жауаптардың саны;
p – бағаланатын аумақтық бөлімшемен қаралған шағымдардың, арыздардың, өтініштердің, ұсыныстардың, жауаптардың жалпы саны.
O = + F + Z + V + E – T, где n = 1, ..., 28.
1-3 орын алған аумақтық бөлімшелер үшін «өте жақсы»;
4-10 орын алған аумақтық бөлімшелер үшін «тиімді»;
11-17 орын алған аумақтық бөлімшелер үшін «қанағаттанарлық»;
18-20 орын алған аумақтық бөлімшелер үшін «қанағаттанарлықсыз».
4-тарау. Қорытынды ережелер
Үздік аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін көтермелеу үшін құжаттарды дайындауды Бәсекелестіктің стратегиялық даму департаменті ұсынған мәліметтердің негізінде Персоналды басқару департаменті жүзеге асырады.