ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) құқықтық актілерге оларда бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн ережелердің болуына талдау жүргізу;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) конгломераттардың қызметін талдау және мониторингтеу;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 82-2) тармақшамен толықтырылсын:
«82-2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бастамашылық жасалған экономиканы қолдау, іскерлік белсенділікті ынталандыру және халықты жұмыспен қамту үшін дағдарысқа қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың қызметін қоспағанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабында көзделген талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 83-1) тармақшамен толықтырылсын:
«83-1) конгломераттардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ. Тоқаев
Астана, Ақорда, 2024 жылғы
№