Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің                                кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17253 болып тіркелді) мынандай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы
4-тармағының 2) тармақшасына, 5-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының
2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

  1. «Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14936 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының
8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамында:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жұмыс органы – монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесі.».

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Келісу комиссиясы мүшелерінің саны жеті адамды құрайды.».

14-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Келісу комиссиясы мына лауазымды тұлғалардан тұрады:

1) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) төрағасы, Келісу комиссиясының төрағасы;

2) Агенттік төрағасының орынбасары;

3) Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаментінің директоры;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Заң департаментінің басшысы;

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Департаментінің басшысы;

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының басшысы.

  1. Агенттіктің Тергеп-тексерулер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Дата публикации
17 апреля 2024