Жоспар-кестені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі-Департамент) туралы Ереженің 19-тармағының 1) және 3) тармақшаларына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 296/НҚ бұйрығымен бекітілген,Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторингжүргізу ережелеріне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Басшының м.а. Е.Абдубакиев
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша
департаментінің 2024 жылғы «19» наурыз
Бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізудің 2024 жылға арналған жоспар-кестесі
|
№п/п |
Монитоинг объектісінің атауы |
Мониторинг жүргізу кезеңі |
Негіздеме |
|
1 |
«Алматы индустриалық аймағы» ЖШС |
сәуір, мамыр, маусым |
Бәсекелестікке қарсы әрекеттер жасаудың жоғары тәуекелдері |
|
2 |
«Almaty Business Development Company» Almaty qalasynyń biznesti damytu kompanıasy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
шілде, тамыз, қыркүйек |
Бәсекелестікке қарсы әрекеттер жасаудың жоғары тәуекелдері |
|
3 |
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ |
қазан, қараша, желтоқсан |
Бәсекелестікке қарсы әрекеттер жасаудың жоғары тәуекелдері |