Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Мыналар:
- осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы (бұдан әрі - ҚЖ/ТҚҚ) мәселелері бойынша жауапты тұлғалардың тізімі;
- осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тауар биржаларының қызметі саласындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру (бұдан әрі - ҚЖ/ТҚ) тәуекелдеріне секторлық бағалау жүргізу жөніндегі әдіснамасы;
- осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес № 1 сұрақнама бағаланатын сектордың маңыздылығын және контекстік факторларды айқындау;
- осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес № 2 сұрақнама бақыланатын типологиялардың типологиясын (ҚЖ/ТҚ тәсілдерін) анықтау;
- осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес № 3 сұрақнама бақыланатын типологиялардың типологиясын (ҚЖ/ТҚ тәсілдерін) анықтау;
- осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес № 4 сұрақнама бақыланатын типологиялардың типологиясын (ҚЖ/ТҚ тәсілдері) анықтау;
- осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес № 5 сұрақнама реттелетін сектор бойынша ҚЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша мемлекеттік органның халықаралық ынтымақтастығы;
- осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес № 6 сұрақнама мемлекеттік орган реттейтін субъектілердің нысаналы қаржылық санкциялары;
- осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес № 7 сұрақнама мемлекеттік органның реттелетін сектор (субъект) қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі ақпарат бекітілсін.
- «Тауар биржалары саласында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 76/НҚ бұйрығының күші жойылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Төрағаның орынбасары Е. И. Әлжанға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға М. Омаров
Согласовано
04.03.2024 10:32 Медиева Динара
04.03.2024 10:49 Ортакбаева Асель Б
05.03.2024 14:43 Пасечко Роман Евгеньевич
05.03.2024 15:29 Серигжанова Назым
06.03.2024 12:43 Альжан Ерлан Ибрагимулы
Подписано
06.03.2024 17:21 Омаров Марат Талгатович