Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу бойынша ГАЙДЛАЙН

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу бойынша ГАЙДЛАЙН

 

Осы гайдлайнды (жолсілтемені) әзірлеу үшін оның ішінде Агенттіктің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарында (29.03.2023г. № 74/НҚ бұйрықпен, 11-тармақпен бекітілген) және 2023 жылға арналған Операциялық жоспарда (07.04.2023ж. № 85/НҚ бұйрықпен, 24-тармақпен бекітілген) белгіленген іс-шаралар негіз болды.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 167-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекспен шектелген монополистік қызметке мыналар жатады:

  • нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері;
  • нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері;
  • үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану.

Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар Кодекстің 169, 170,                          174-баптарына сәйкес саралануға жатады.

Кодекстің 169-бабына сәйкес егер мұндай келісімдер 5 салдарға әкеп соқтырса немесе әкелуі мүмкін болса, картель деп танылады және нарық субъектілері арасындағы деңгейлес келісімдерге тыйым салынады. Сатылас келісімдер бойынша 3-ке, өзге келісімдер бойынша 5-ке.

Келісілген әрекеттердегі құқық бұзушылықтардың құрамы Кодекстің 170-бабының 1-тармағында регламенттелген және 4 салдарға әкеп соғады.

 

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану жөніндегі әрекеттерге (әрекетсіздікке) 12 салдар (1 жалпы және 11 арнайы) жатқызылды.

Осылайша, қамтылуға жататын бұзушылықтар саны - 29.

 

Бұзушылықтарды жылдар бойынша % және сандық өлшеуде гайдлайндармен қамту

(дөңгелектеуге жататын)

2023

5%

2 (6,9)

2024

10%

3 (10,3)

2025

15%

5 (17,2)

2026

20%

6 (20,7)

2027

25%

8 (27,6)

 

Жалпы, Кодекстің 218-бабының 2-тармағына сәйкес монополияға қарсы орган барлық жағдайларда көзделген белгілер болған кезде:

1) КК-нің 169-бабының 3-тармағында, 170-бабының 1-тармағында тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін нарық субъектісінің үстем үлесін айқындау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді;

2) КК-нің 174-бабында тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді.

Бұл ретте осы нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары оның нақты үстемдігі кезеңінде қолданылады.

  1. Монополиялық жоғары бағаны белгілеуге, ұстап тұруға байланысты үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану (Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасы)

Монополиялық жоғары бағаны анықтау мақсатында монополияға қарсы орган Әдістемені[1] қабылдады.

Кодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, оның ішінде тауардың бұрын белгіленген бағасын арттыру арқылы белгіленген баға, егер бұл ретте жиынтығында мынадай шарттар орындалса, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады: 

 

 

Кодекстің 218-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес нарық субъектісінің жағдайын анықтау мақсатында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіледі.

Әдістеменің 6-тармағына сәйкес бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін деректерді анықтау мақсатында тауар нарығындағы тауар өндіру (өткізу) бағасының және көлемдерінің серпініне, оның ішінде:

1) субъектінің салыстырмалы тауар нарығында басқа нарық субъектілерінің сондай тауар бағасынан асатын етіп белгілеуі;

2) тиісті немесе салыстырмалы нарығында баға өсуінің тиісті қарқындарымен салыстырғанда тауар бағасының өсу қарқынының арту;

3) физикалық сипатын (мысалы, тауар бірлігінің салмағын) төмендету арқылы тауар бағасының көтерілу;

4) өндіру немесе беру мүмкіндігі болған кезде тұтынушылардың сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды өндіру және (немесе) беру көлемін негізсіз қысқарту немесе өндіруді және (немесе) беруді тоқтату мәніне талдау жүргізеді.

Монополиялық жоғары бағаны белгілеу тәртібі Кодекстің 175-бабында және Әдістемеде регламенттелген.

Егер салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не салыстырмалы тауар нарығын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде айқындау мүмкін болмаған жағдайда, нарық субъектісінің шығыстары мен пайдасына талдау жүргізіледі және тауардың негізделген бағасы айқындалады.

Тауар нарығы-бұл басқа тауармен алмастыруға болмайтын тауардың немесе тиісті шекаралардағы өзара алмастырылатын тауарлардың айналым саласы, экономикалық, техникалық немесе басқа мүмкіндікке немесе орындылыққа сүйене отырып, сатып алушы тауарды сатып ала алады және одан тыс мұндай мүмкіндік не орындылық жоқ

 

Егер осы тауар нарығындағы бағаны салыстыру мүмкін болмаған жағдайда, салыстыру салыстырмалы тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі тауардың бағасымен жүргізіледі.

Салыстырмалы тауар нарығы деп сатылатын тауардың көлемі, тауарды сатып алу немесе сату мақсаттарына және тауар нарығына қол жеткізу шарттарына қарай айқындалатын тауарды сатып алушылардың немесе сатушылардың (жеткізушілердің) құрамы бойынша салыстырылатын басқа тауар нарығы түсініледі.

 

Егер салыстырмалы тауар нарығында немесе салыстырмалы тауар нарығында, оның ішінде ҚР шегінен тыс бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны айқындау мүмкін болмаған жағдайда, нарық субъектісінің шығыстары мен пайдасына талдау жүргізіледі және тауардың негізделген бағасы айқындалады.

Осыған байланысты, тергеп-тексеру жүргізу барысында жиынтығында жоғарыда көрсетілген шарттарды белгілеу қажет. Шарттардың кем дегенде біреуі болмаған жағдайда монополиялық жоғары баға фактісін анықтау мүмкін емес.

Біліктілік шарттарының кем дегенде біреуі болмаған жағдайда бағаны монополиялық жоғары деп тануға болмайтынын есте ұстаған жөн.

Бұл ретте, Әдістеме монополиялық жоғары деп танылуы мүмкін бағаға жалпы шарттарды белгілейтінін және әрбір нарықтың өзіндік ерекшелігі бар екенін ескеру маңызды, оның нарық субъектісі белгілейтін бағаға әсерін бағалауды тергеп-тексеруді жүргізетін лауазымды адамдар береді.

Шешім қабылдау үшін МЖБ-ны анықтау кезінде міндетті түрде мыналар жүргізіледі:

  • Қаржы-шаруашылық қызметті талдау;
  • Тауардың өндірістік және толық өзіндік құнының серпіні, баға серпіні, оның ішінде өндірістік және толық өзіндік құнның өсу (төмендеу) қарқынын бағаның өсу (төмендеу) қарқынымен салыстыру;
  • өндірістік қуаттарды ескере отырып, тауарды өндіру (өткізу) көлемінің серпіні;
  • нәтижесінде тауардың бағасы тікелей не жанама қалыптастырылатын шарттар;
    • әртүрлі баға түрлерінің серпіні (мысалы, сатып алушылардың түрлі топтары үшін орташа өлшенген);
  • кезең шығыстары мен өндірістік өзіндік құн, оның ішінде әкімшілік персоналдың жалақысының өсу (төмендеу) қарқынын өндірістік персоналдың жалақысының өсу (төмендеу) қарқынымен салыстыру;
  • субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауардан субъект алған пайда;
  • субъектінің инвестициялық бағдарламасы;
  • кредиторлар мен қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелер.

Монополиялық жоғары бағаны айқындау кезінде тауарды өндіруге және өткізуге байланысты қажетті шығыстар мен пайда айқындалады.

Егер нарық субъектісі тауарлардың бірнеше түрін өндірсе, онда қажетті шығындар мен пайда бөлек есепке сәйкес анықталады. Бөлек есепке алу болмаған кезде тауарды өндіруге және өткізуге тікелей қатысы жоқ шығындар тауардың әрбір түрі бойынша кіріске барабар бөлінеді.

Қажетті пайда деңгейі тауарды өндіруден (сатудан) түскен табыс пен тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті негізделген шығыстар мен нақты төленген салықтар арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Қажет болған жағдайда, қосымша негіздеме үшін бағаның, өзіндік құнның (шығындардың жекелеген баптарының) өсу қарқыны және тауардың рентабельділік деңгейі нарықтың басқа субъектілерімен салыстырылады.  Егер тауар бағасының, өзіндік құнының, пайдасының және рентабельділігінің өсу қарқыны нарықтың басқа субъектілерінде осы көрсеткіштердің өсу қарқынынан едәуір асып кеткен жағдайда, бұл монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану мүмкіндігін одан әрі растайды.

 

  1. Сауда-саттықта бағаларды белгілеуге, көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттық, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын бұрмалауға байланысты, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері (Кодекстің 169-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы).

Әдетте, сауда-саттықтағы сөз байласу сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттықтың белгілі бір нәтижесін жасанды түрде жасау үшін белгілі бір мінез-құлық туралы алдын-ала келісетіндігінде көрінеді.

Картельдік келісімнің белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізу кезінде сауда-саттыққа қатысушылардың іс-әрекеттері мен сауда-саттықтағы бағалардың өсуі, төмендеуі немесе ұстап тұруы арасында себеп-салдарлық байланыстың бар екендігін куәландыратын дәлелдемелер жиынтығын анықтау қажет.

Сауда-саттықты өткізу кезінде бәсекелестер/әлеуетті бәсекелестер сауда-саттыққа қатысуға өтінім беруге құқығы бар және оларға белгіленген тәртіппен қатысатын тұлғалар болып табылады.

Өтінім беру фактісі нарық субъектісінің белгілі бір тауарды сатуға немесе сатып алуға мүдделілігінің бар екендігін, демек, оның тауарды сатып алғаны үшін немесе оны сатуға келісімшарт жасасқаны үшін бәсекелестікке түсуге ниеті туралы куәландырады.

Тұлға сауда-саттықтың басқа қатысушыларымен бәсекелестікке түспеген жағдайда (мысалы, осы тұлға сауда-саттық барысында баға ұсыныстарын беруден бас тартқан кезде) ол сауда-саттықтың қалған қатысушыларының әлеуетті бәсекелесі болып табылады (егер мұндай тұлға сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келсе).

Сауда-саттықта картельдерге тыйым салу адамдардың бір тобына кіретін нарық субъектілеріне де қолданылады.

Сондай – ақ, сатып алу немесе иеліктен шығару объектісі орнатылуы керек-қандай тауарды жеткізу немесе сату, қандай жұмысты орындау немесе қандай қызмет көрсету сауда-саттық құжаттамасында қарастырылған.

Сауда-саттықтағы бағаны көтеру, төмендету немесе ұстап тұру түріндегі салдардың басталуы немесе туындау мүмкіндігі. Бұл салдардың болуын келісімге келген сауда-саттыққа қатысушылар ұсынатын баға ұсыныстарының мөлшері бойынша бағалауға болады.

Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай себеп-салдарын анықтау қажет.

Тергеп-тексерулер нәтижелері бойынша қорытындыда бұзушылықты көрсететін нақты деректер көрсетілуі тиіс. Мысалы, Кодекстің 169-бабының 1-тармағында 2)-тармақшасына сәйкес сауда-саттық, аукциондар, конкурстар қорытындыларының бұрмаланғанын куәландыратын деректер көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, бәсекелестікке қарсы келісім жасасу мүмкіндігін бағалау үшін келісімге қатысушылардың өзара қарым-қатынас дәрежесін анықтау қажет.

Құжаттардың ресімделуі мен мазмұнындағы сәйкестілік, бірдей грамматикалық қателердің болуы (жанама дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығы болған кезде) картельдік келісімнің болуын көрсетуі мүмкін.

Бұл ретте бастапқы өтінімдер мәтіндерінің дербес сәйкестігі, өзге де жанама дәлелдемелерсіз, оның ішінде мінез-құлық белгілерінің ұқсастығынсыз, картельдік сөз байласу белгілері туралы куәландыра алмайды, өйткені өтінімді дайындау кезінде еркін қолжетімділікте орналастырылған бірдей үлгілер пайдаланылуы мүмкін.

Сол сияқты, тендерге қатысатын екі нарық субъектісінің бағасындағы ең төменгі айырманың өзі картельдік сөз байласудың бар екендігін толық көлемде куәландыра алмайды, монополияға қарсы органның келісім жасасу, сондай-ақ қандай да бір нысанда пайда алу фактісінің бар немесе жоқтығын назарға алған жөн.

Бұл ретте, нарықтың сол субъектілері арасындағы бағаның ең төменгі айырмасын жүйелі түрде белгілеу бәсекелестікке қарсы келісім жасасу белгілерін куәландырады.

Қандай да бір нысанда экономикалық пайда болмаған жағдайда бәсекелестікке қарсы келісімнің болуын негіздеу өте қиын.

Сонымен қатар, тұтынушылардың (сатып алушылардың) картель қызметінен шығынын есептеу зардап шеккендерге өтемақының тиісті деңгейін анықтау немесе картельмен саланың заңсыз кірістерін бағалау үшін маңызды.

Өз кезегінде, монополияға қарсы орган осы зиянды анықтау үшін келесі формуланы қолдана алады:

Залал = (Кон K− Кон Konk) К K

𝑃 𝑡К - картель болмаған жағдайда баға, 𝑃 𝑡 конк – картельдің бағасы, 𝑄 𝑡 к – картельдік сөз байласу кезеңінде сату көлемі (сатып алу кезінде жасалған шарттардың саны).

Бұл ретте, картель болмаған кезде баға ешқашан дәл анықталмайды, сондықтан есептеу кейбір ұсынымдар мен болжамдарға негізделеді.

Осылайша, картельдерді дәлелдеу үшін жанама дәлелдердің қажетті жиынтығын пайдалануға болады. Бұл ретте мұндай дәлелдемелер құқық бұзушылық құрамының барлық элементтерін растауға тиіс.

[1] Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістеме, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы бұйрығы

Дата публикации
16 февраля 2024