Достар, жақсы жаңалығымыз бар!

Достар, жақсы жаңалығымыз бар!

Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, резервтегілер арасында Агенттіктің талантты жастарының әлеуетін мақтанышпен көрсететін 3 қызметкеріміз бар, олар – Агенттіктің Қаржы нарығы департаментінің директоры Сүйіндіков Асылхан Шәріпжанұлы, Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Нуржан Нұрланұлы Уранхаев және Агенттіктің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары Тоқжанов Дамир Жәкенұлы.

Ал Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық комиссияның шешімімен тағы бір қызметкеріміз – Агенттіктің Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасының басшысы Рамазан Мерей Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданған ең мықты 50 қатысушының қатарынан табылды.

Құттықтаймыз!!!

Айта кетейік, Ұлттық комиссия отырысына 6404 үміткердің ішінен 6 кезеңнен тұратын конкурстық байқаудан сүрінбей өткен тек 100 - і ғана жіберілді.

Рамазан Мерей 1989 жылы дүниеге келген.

2011 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2018 жылы Қарағанды Қазтұтынуодағы ​​экономикалық университетінен «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша аяқтаған.

2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында менеджмент және бизнес магистрі дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінде жастар тәжірибесінен бастаған.

2012-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүйесінде бас маман, мемлекеттік еңбек инспекторы, сарапшы, бас мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы, басқарма басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

2020-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің бас консультанты болып жұмыс істеген  қызметін атқарған.

2023 жылғы 2 қазаннан бастап Агенттіктің Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқаруда.

Дата публикации
26 декабря 2023