Кедергілер кеңесінің №13 Хаттамасы

Кедергілер кеңесінің №13 Хаттамасы

 

 

21 желтоқсан 2023 жыл (11:00с.)                                                  Талдықорган қ.

ZOOM арқылы

 

Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.

Хатшы: А. Лепесбаева

 

Қатысқандар:  Кедергілер кеңесінің мүшелері

№

Қатысушылар

лауазымы

1

Просяйникова Светлана Владимировна

«Корпорация «Жетысу Газ» АҚ қаржы директоры   

Төрайымның орынбасары

2

Кальменова Маржан Тынысбековна

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы

3

Керимбаев Думан Жармухаметович

ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

4

Казакпаев Эдиль Юрьевич

«Біз бірге күштіміз» Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

5

Саргалдаков Жанатбек Садвакасович

«Сардар ЛТД» ЖШС директоры

6

Толмухан Айжан

«Сеюк» ЖШС қаржы директоры.

7

Софин А.А.

«Софин» ЖК басшысы

8

Имагамбетов Арман Кудайбергенович

«PCD Group» ЖШС коммерициялық директоры

9

Савинов Геннадий Иванович

«Текели ГМЗ» ЖШС директорының кеңесшісі

10

Молдасаметова Роза Шаяхметовна

«Business Hub» РҚБ-нің президенті

11

Исагулова Арай Саветкановна

Атамекен ҚР ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-консультанты

 

          Күн тәртібі:

Инвестициялық жобаны айқындау қағидалары бойынша шекті төмендету туралы проблемалық мәселелер мен кедергілер. Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.

2021 жылғы 27 желтоқсанда Сыртқы істер министрінің № 11-1-4/590 бұйрығымен "Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау ережесі"бекітілді. Осы Қағидалардың 2-тарауының 5.2-тармағына сәйкес өтінім берушінің жобаға жүзеге асыруын көздейтін инвестициялар сомасы айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерін (6,9 млрд. теңгеден жоғары) құрайды. Бұл белгіленген шек ай сайынғы есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен төмен инвестиция салуды жоспарлап отырған конкурссыз жер учаскесін алу бөлігінде әлеуетті инвесторларды тарту үшін теріс әсер етеді.

Кәсіпкерлік кодекстің 284-бабы инвестициялық жобаның не екенін анықтайды. Кәсіпкерлік Кодекстегі инвестициялар мөлшерінің төменгі шегі тек инвестициялық басым жобалар үшін айқындалған.

Тиісінше, инвестициялар көлемінің төменгі және жоғары шегін айқындау бойынша енгізілетін норма Кодекске сәйкес келуге тиіс.

Ұсынылған шешім:

"Құқықтық актілер туралы" ҚР Заңына сүйене отырып, біз заңмен белгіленген заңға тәуелді актілердегі нормалардан асып кете алмаймыз. Осы тармақта ҚР СІМ өз құзыретін реттеу нысанасының шеңберінен шығады.

Осыған байланысты, инвестициялау үшін жоспарланған өтініш берушінің ақша сомасы бойынша шекті мәндерді алып тастауды ұсынамыз. Өйткені PP.3) Сұрау салынатын жер учаскесінің кадастрлық құнының ең жоғары мөлшері өтінім берушінің жобаға жүзеге асыруы көзделетін инвестициялар көлемінің 20 (жиырма) пайызынан аспайтыны айтылған қағидалар" қазірдің өзінде инвестициялар көлемін реттейді.

Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:

  1. Проблемалық мәселелер мен кедергілер Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне қарау және Кедергілер картасына енгізу үшін жіберілсін.
  2. Департамент Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына қатысты, құқықтық және консультативтік мәселелер бойынша көмек көрсету жалғастырады.
  3. Жиналысқа қатысушылар тауар нарығында шығатын кедергілерді анықтау және жою бойынша ұсыныстар енгізу.

 

 

 Кедергілер

 Кеңесінің төрайымы                                                                        С.П. Иванова

 

 

 

Хатшы ___________  А.Лепесбаева

Кедергілер кеңесінің №13 Хаттамасы
Дата публикации
25 декабря 2023