«Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» алдын ала бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының 115-тармағына сәйкес Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жыл сайын кемінде 10 кедергіні жою жөніндегі іс-шаралар бекітілді.
Кедергілерді жою жөніндегі шараларды іске асыру денсаулық сақтау, ТКШ, байланыс, электр энергетикасы, мұнай өнімдері, авиатасымалдар нарықтарында бәсекелестікті дамытуға бағытталған.
Кедергілерді жою Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен жүзеге асырылады.
2023 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша тауар нарықтарына кірудің 12 кедергісі жойылды:
- байланыс провайдерлеріне кәбілдік кәрізге кедергісіз қол жеткізу қамтамасыз етілді;
- кәріз-тазарту құрылыстарының жобаларын «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-мен келісу қажеттілігі алып тасталды;
- мерзімін 10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік беретін жер учаскелерін берудің электрондық форматы енгізілді;
- Электр энергиясының көтерме сауда нарығының қағидаларынан бөлшек сауда нарығының энергиямен жабдықтаушы ұйымдарына қатысты диспетчерлеу туралы норма алып тасталды;
- тікелей жеткізу шеңберінде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (мұнай өнімдерін өндіруші бензин, авиациялық және дизельдік отын) бастапқы көтерме саудада өткізу регламенттелді. Қабылданған өзгерістер барлық мұнай өнімдерінің көлемін бөлу тәртібін регламенттейді;
- мерезді анықтауға зерттеулер жүргізуде жеке медициналық зертханалардың қызметі регламенттелді;
- жеке кәсіпкерлердің мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашуға арналған үй-жайларды мемлекеттік кәсіпорындарға қосалқы жалға беру жөніндегі қызметі регламенттелді;
- пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері мен сервистік компаниялардың субъектілері арасында жеке шарттар жасасу арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсетуге жол бермеуге қатысты нормалар бекітілді;
- СМГ-ге қол жеткізу кезінде кемсітушілік жағдайларға әкелетін нормалар реттелді;
- қазақстандық авиатасымалдар нарығының тартымдылығын арттыру мақсатында «ашық аспан» режимі жетілдірілді;
- «Цифрлық құжаттар» сервисіне қолжетімділікті қамтамасыз ететін нормалар бекітілді (ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 603/НҚ бұйрығы 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі).