Кедергілер кеңесінің №12 Хаттамасы

Кедергілер кеңесінің №12 Хаттамасы

  

28 қараша 2023 жыл (16:00с.)                                                    Талдықорган қ.

ZOOM арқылы

 

Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.

Хатшы: А. Лепесбаева

 

Қатысқандар:  Кедергілер кеңесінің мүшелері

№

Қатысушылар

лауазымы

1

Просяйникова Светлана Владимировна

«Корпорация «Жетысу Газ» АҚ қаржы директоры   

Төрайымның орынбасары

2

Кальменова Маржан Тынысбековна

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы

3

Керимбаев Думан Жармухаметович

ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

4

Казакпаев Эдиль Юрьевич

«Біз бірге күштіміз» Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

5

Саргалдаков Жанатбек Садвакасович

«Сардар ЛТД» ЖШС директоры

6

Толмухан Айжан

«Сеюк» ЖШС қаржы директоры.

7

Софин А.А.

«Софин» ЖК басшысы

8

Имагамбетов Арман Кудайбергенович

«PCD Group» ЖШС коммерициялық директоры

9

Савинов Геннадий Иванович

«Текели ГМЗ» ЖШС директорының кеңесшісі

10

Молдасаметова Роза Шаяхметовна

«Business Hub» РҚБ-нің президенті

11

Исагулова Арай Саветкановна

Атамекен ҚР ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-консультанты

 

          Күн тәртібі:

Санитарлық өңдеу бойынша қызмет көрсететін ұйымдар үшін ҚҚС есептеу туралы проблемалық мәселелер мен кедергілер. Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 394-бабының 36-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес санитариялық – эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік ұйымы көрсететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтерді іске асыру жөніндегі айналымдар ҚҚС-тан босатылады. Осылайша, босату тек мемлекеттік ұйымдарға қолданылады, бұл жеке ұйымдарды мемлекеттік ұйымдардың алдында шығынды жағдайларды шектейді.

Нәтижесінде, мемлекет осы нарықтағы бәсекелестікті шектей отырып, мемлекеттік ұйымдарды монополиялайды.

Ұсынылған шешім:

Мемлекеттік санитариялық – эпидемиологиялық қызмет ұйымы ғана емес, сонымен қатар санитариялық қызметтер көрсететін жеке субъектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтерді іске асыру жөніндегі айналымдар ҚҚС-тан босатылсын.

Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:

  1. Проблемалық мәселелер мен кедергілер Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне қарау және Кедергілер картасына енгізу үшін жіберілсін.
  2. Департамент Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына қатысты, құқықтық және консультативтік мәселелер бойынша көмек көрсету жалғастырады.
  3. Жиналысқа қатысушылар тауар нарығында шығатын кедергілерді анықтау және жою бойынша ұсыныстар енгізу.

  

 Кедергілер

 Кеңесінің төрайымы                                                                        С.П. Иванова

 

 

 

Хатшы ___________  А.Лепесбаева

Кедергілер кеңесінің №12 Хаттамасы
Дата публикации
06 декабря 2023