№ 0/4591-вн от 20.11.2023
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
Қоғамдық кеңесі отырысының
ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы № 3 2023 жылғы 15 қараша
сағат 16.00, ZOOM
Төрағалық етті: Р.Н. Ахметов
Қатысқандар: тізім бойынша
1.1 Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті директорының орынбасары Р.Е. Пасечконың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын (VI монополияға қарсы пакет) әзірлеу және оның негізгі ережелері туралы ақпараты назарға алынсын.
1.2 Төрағаның бірінші орынбасары Р.Н. Ахметовтің Заң жобасын Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып пысықтауға қатысты ақпараты назарға алынсын.
1.3 А.Ж. Бикебаевтың мемлекеттік кәсіпорындарды құруға келісім беруден бас тарту негіздеріне, тергеп-тексеру қорытындылары бойынша дискреттілікке, объективті құқыққа сыйымдылық тұжырымдамасын енгізуге, келісу комиссиясы бойынша, мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты ақпараты назарға алынсын.
1.4 Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті толықтыруларды ескере отырып, Заң жобасын Қоғамдық кеңестің мүшелеріне жіберсін.
1.5 А.Б. Бегдесеновтің Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабына және Заң жобасына өтпелі ережелерді қосу, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 159-бабының екінші бөлігінің күшін жою қажеттілігіне қатысты ақпараты назарға алынсын.
1.6 Р.Н. Ахметовтің Т.А. Одиловтің ресурстарға тең қолжетімділікті ынталандыру және мемлекеттік қолдау шараларына қатысты сұрағы бойынша түсіндіруі назарға алынсын.
1.7 В. Н. Микрюковтың қаржы құралдарына/қаржы нарықтарына тең қол жеткізу мәселесін пысықтау қажеттігі туралы ұсынысы назарға алынсын (кейс Елорда даму).
1.8 Р.Н. Ахметовтың кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуына байланысты нормаларды күшейту туралы түсіндіруі назарға алынсын.
1.9 Т.А. Одиловтің өткен жылғы мамырда мемлекеттің экономикаға қатысуы бөлігінде РЖК бекіткен квазимемлекеттік сектор бойынша реформадан бірқатар нормаларды енгізу жөніндегі ұсынысы назарға алынсын.
1.10 А.А. Құсайыновтың Заң жобасын пысықтау барысында берген экономикалық шоғырлану мәселелері бойынша Заң жобасында негізгі құралдардың болмауына қатысты ақпараты назарға алынсын.
1.11 Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаментімен бірлесіп Заң жобасы Үкіметке енгізілгенге дейін экономикалық шоғырлану бойынша түзетулерді сарапшылармен пысықтауды қамтамасыз етсін.
1.12 А.Ж. Бикебаевтың 3 субъектіден аспайтын тауар нарығының 70%-дан астамын бақылайтын базалық секторларда экономикалық шоғырлануға рұқсат беру рәсімін қатаңдату және жоғары шоғырланған нарықтарды монополиясыздандыру жөніндегі міндеттерді шешу мақсатында экономикалық шоғырлану құралын пайдалану қажеттілігі туралы ұсынысы назарға алынсын.
2.1 Р.Н. Ахметовтың Агенттіктің Қоғамдық кеңесі қызметінің қорытындылары және жаңа құрамды қалыптастыру туралы ақпараты назарға алынсын.
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
бірінші орынбасары Р. Ахметов
Согласовано
20.11.2023 15:00 Ахмет Сұлтан Талғатұлы
20.11.2023 15:04 Искаков Арсен Бейсембаевич
Подписано
20.11.2023 16:11 Ахметов Рустам Нурланович