Кедергілер жөніндегі кеңестің 2023 жылғы 30 қазандағы №34 хаттамасы

«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңес отырысының

№ 34 ХАТТАМАСЫ

 

 

             2023 жылғы 30 қазан                                                                                                          Павлодар қ.

 

Төрағалық етуші – Н.К. Машрапов, экономика ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КЕАҚ қауымдастырылған профессоры;

 

Қатысқандар:

Кеңес мүшелері: (Б.К. Молдабеков, М.А. Олжабаева (С. Фиденко),                       О.В. Литвиненко, З.Ш. Кажинова, Е.В. Коваленко, М.К. Жакупов)

К.Т. Утеуов – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары:

«ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ - басшының орынбасары Камилла Бекеновна Байгожанова.

«Павлодар облысы бойынша атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті» РММ – басшы орынбасары Нурлан Мухаметкайрович Валитов.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары

Мубарак Кажимуратович Жакупов.

«КазЭнергоХолдинг» ЖШС - энергиямен жабдықтау басқармасының басшысы Дина Сулейменовна Шыныбек.

 «Горэлектросеть» ЖШС - заңгер Ольга Ивановна Поддубная.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Екібастұз қаласының электр энергиясы нарығына кіру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі «Горэлектросеть» ЖШС-мен электр энергиясын беру қызметін көрсетуге шарт жасасу бөлігіндегі кедергілер бойынша.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

Н.К. Машрапов: Қайырлы күн, бүгін күн тәртібінде табиғи монополия субъектісі «Горэлектросеть» ЖШС-мен электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу бөлігінде Екібастұз қаласындағы электр энергиясы нарығына кіру үшін кедергілер бойынша мәселелер тұр.

 К.Т. Утеуов:  Кеңестің отырысына облыстың аумақтық органдары «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ, «Горэлектросеть» ЖШС және «КазЭнергоХолдинг» ЖШС өкілдері шақырылды.  Жиналысқа барлық шақырылғандар қатысып отыр.  

Д.С. Шыныбек: «КазЭнергоХолдинг» ЖШС энергиямен жабдықтаушы ұйым бола отырып, Астана қаласының, Ақмола облысының, Алматы облыстарының электрмен жабдықтаудың бөлшек сауда нарығында қызметті жүзеге асыратынын және ҚР электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатынын және тиісінше Павлодар облысының аумағында осындай қызметті жүзеге асыруға барлық заңды негіздері бар екенін хабарлады. Алайда, қазіргі уақытта Екібастұз қаласындағы электр энергиясы нарығына кіру үшін «Горэлектросеть» ЖШС электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасудан бас тартумен байланысты кедергі бар.  

О.И. Поддубная: Иә, шынында да, 2022 жылдың аяғынан бастап «КазЭнергоХолдин» ЖШС-дан өтініштер келіп түсті, бірақ біздің тарапымыздан мұндай бас тарту болған жоқ, біз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттінде көзделген барлық қажетті құжаттамаларды ұсыну қажет деп жауап бердік. Осыған байланысты біз электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартты қараусыз қалдырып, құжаттарды қайтардық.

 К.Б. Байгожанова: Біз «КазЭнергоХолдинг» ЖШС-нің өтінішін қарастырдық, онда табиғи монополиялар субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне қолжетімділікті шектеу және реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеу мәселелері бойынша табиғи монополиялар туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәніне «Горэлектросеть» ЖШС-нің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша «Горэлектросеть» ЖШС-ға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберілді. Бірақ жоғары тұрған орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті бұл нұсқаманың күшін жойды.

Н.К. Машрапов: Кеңестің барлық қатысушыларын тыңдап, егер «КазЭнергоХолдинг» ЖШС үлгілік талаптарға сәйкес барлық қажетті ақпаратты ұсынса, онда Екібастұз қаласындағы «Горэлектросеть» ЖШС-мен электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасуды қанағаттандыру мүмкіндігі бар деп қорытынды жасауға болады.

 

ШЕШТІ:

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласының электрмен жабдықтау нарығындағы кедергілерді жою мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғарыда аталған мәселелер бойынша уәкілетті органдармен және серіктестіктермен бірлесіп іс-шаралар өткізсін.

                                         Төраға                                                                   Н. Машрапов

Кедергілер жөніндегі кеңестің 2023 жылғы 30 қазандағы №34 хаттамасы
Дата публикации
13 ноября 2023