«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің
мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы
11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде:
1-бөлімнің:
реттік нөмірі 2-жол келесі редакцияда жазылсын:
«
|
2. |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Нұра ауданы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 4 |
1) уәкілетті мемлекеттік органмен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы, әлеуметтік және өзге де төлемдерді тағайындауға, тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарауға, тоқтата тұруға, тоқтатуға, қайта бастауға және қайта есептеуге арналған құжаттарды қабылдау, істер макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды; |
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 17-бабының 1-тармағы |
|
2) автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорды толықтыру мен жаңартуды және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы әлеуметтік төлемдерді және өзге де төлемдерді алушылардың дербестендірілген есебін; |
||||
|
3) әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру салаларындағы ақпараттық жүйелердің деректерін толықтыру мен жаңарту; |
||||
|
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың деректерін толықтыру мен жаңарту; |
||||
|
5) міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүзеге асыру; |
||||
|
6) зейнетақы төлемдерінің, жәрдемақылардың, біржолғы және өзге де төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін, оларды төлеуді жүзеге асыру графиктерін қалыптастыруды және уәкілетті мемлекеттік органға бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінім жіберу; |
||||
|
7) әлеуметтік төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін және оны жүзеге асыру графигін қалыптастыруды, Қорға қаражат қажеттілігі туралы өтінім жіберу; |
||||
|
8) атаулы әлеуметтік көмектің, өзге де төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін, оларды жүзеге асыру графиктерін қалыптастыруды және уәкілетті мемлекеттік органға бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінім жіберу; |
||||
|
9) Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) олар жөніндегі өсімпұлдың сомалары бойынша агенттердің төлем құжаттарының тізілімдерін қалыптастыруды және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсыну; |
||||
|
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыруды және жүзеге асыру; |
||||
|
11) Қордың қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру; |
||||
|
12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынан төленетін зейнетақы төлемдерін ұйымдастыруды және жүзеге асыру; |
||||
|
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек пен өзге де төлемдерді төлеуді жүзеге асыру; |
||||
|
14) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға қосымша белгіленген, бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару; |
||||
|
15) зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасау; |
||||
|
16) зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару, тоқтату мәселелері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасау; |
||||
|
17) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманың мөлшерін айқындау; |
||||
|
18) агенттерден түсетін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару; |
||||
|
19) Қордың қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыруды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару; |
||||
|
20) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға және оның ведомстволарына беру; |
||||
|
21) деректемелерінде қате жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарын агентке қайтару; |
||||
|
22) агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан оның өтініші бойынша міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару; |
||||
|
23) жеке сәйкестендіру нөмірінің базасында бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды және олардың базасына жаңарту жүргізу; |
||||
|
24) бірыңғай жиынтық төлемнің сомаларын Қорға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке бөлуді және аудару; |
||||
|
25) бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асыру; |
||||
|
26) бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерге бірыңғай жиынтық төлем сомаларын бөлу және аудару туралы ақпарат беру; |
||||
|
27) зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорация қызметінің түрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсыну; |
||||
|
28) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алу; |
||||
|
29) төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды аударуды, олардан ұсталған әлеуметтік төлемдер мен міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын олар Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, Қорға қайтару; |
||||
|
30) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін төленген әлеуметтік аударымдардың сомасын төлеушіге қайтару; |
||||
|
31) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда Қор қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды қамтамасыз ету; |
||||
|
32) мемлекеттік кіріс органына төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсыну; |
||||
|
33) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге – әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемнің сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат беруді; |
||||
|
34) уәкілетті мемлекеттік органға статистикалық және өзге есептік ақпаратты беруді жүзеге асыру; |
||||
|
35) төлеушілерден қорға аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды өңдеуді және аударуды банктік үш күн ішінде жүзеге асыру; |
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағы |
|||
|
36) аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру; |
||||
|
37) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын осы қаражат қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған күннен бастап банктік үш күн ішінде төлеушілерге аударуды жүзеге асыру; |
||||
|
38) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастырады және уәкілетті органға қажеттілік туралы өтінімдер жіберу; |
||||
|
39) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу; |
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабы 3-тармағының екінші бөлігі |
|||
|
40) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет; |
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағы |
|||
|
41) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу жөніндегі, құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендірілу және техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет; |
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағы |
|||
|
42) жеке сәйкестендіру нөмірі базасында бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жүргізу; |
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 776-бабының 1-тармағы |
|||
|
43) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жаңартып отыру; |
||||
|
44) бірыңғай жиынтық төлемнің сомасын бөледі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке аудару; |
||||
|
45) бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асыру. |
»;
реттік нөмірі 3-жол келесі редакцияда жазылсын:
«
|
3. |
«Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 В |
1) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "электрондық үкімет" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асыру; |
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағы
|
|
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу; |
||||
|
3) инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу; |
||||
|
4) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домендік аттарға қызмет көрсететін домендік аттар серверлерінің істен шығуға төзімділігін мониторингтеуді жүзеге асыру; |
||||
|
5) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; |
||||
|
6) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру; |
||||
|
7) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; |
||||
|
8) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін белгілеу; |
||||
|
9) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу; |
||||
|
10) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталықтары мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыру; |
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-4-бабының 1-тармағы |
|||
|
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; |
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-7-бабының 1-тармағы
|
|||
|
12) ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде жәрдемдесу; |
||||
|
13) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру; |
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-8-бабының 1-тармағы
|
|||
|
14) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асыру; |
||||
|
15) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады және оларды жою немесе болғызбау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру; |
||||
|
16) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асыру; |
||||
|
17) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілері туралы осалдықты анықтау платформасында мәліметтер жариялауды қамтамасыз ету; |
||||
|
18) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін есепке алуды, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін жүргізу; |
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабының 1-тармағы |
|||
|
19) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды; |
||||
|
20) ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыруды және техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады. |
»;
2-бөлімнің реттік нөмірі 13-жол келесі редакцияда жазылсын:
«
|
13. |
«Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 18 |
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор; |
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 20) тармақшасы, 17-бабы |
|
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, көрсетілетін қызметтерді денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу саласындағы бірыңғай операторы. |
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабының 45) тармақшасы |
».
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы |
М. Омаров |